Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 мектептің химия пәні мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы
Қышқылдар
Қазіргі мектептерде сабақ өткізу барысында жиі қолданып жүрген интерактивті тақта арқылы өткізілген сабағыма тоқталайын. Интерактивті тақтамен көрнекілік көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын арттыра аламыз және өз білімдерін тақта арқылы сол уақытта тексеруге мүмкіндік береді.
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан ірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың қызығуы, ынта – қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға, бірін – бірі құрметтеуге бір – бірінің пікірін тыңдап баға беруге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа с абақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Демонстрациялық сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті оқытудың комплексті әдісі.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада қолданылатын слайдтар мүмкіндіктері, интерактивті тақта кітапханасынан суреттер, тірек сызба, қышқыл үлгілері, таблица.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кезең. Ой шақыру
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
1. Мына айтылғандардың қайсысы сутекке сәйкес келмейді?
1) салыстырмалы молекулалық массасы – 1
2) судың құрамына кіреді.
3) мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзіледі.
4) түссіз газ
2. Не себепті сутекті болашақтың отыны деп санайды?
1) оттекпен әрекеттескенде көп энергия және қоршаған ортаны ластамайтын су бөлінетіндіктен
2) сутек – ең жеңіл газ және оны алыс жерлерге жеткізу ыңғайлы
3) сутекті алуға болатын шикізат жеткілікті.
3. Өндірісте сутекті:
1) метаннан
2) ауадан
3) металл мен қышқыл әрекеттескенде
4) металл мен су әрекеттескенде
4. Лабораторияда сутекті:
1) темір мен су
2) натрий мен су
3) кальций оксиді сумен
4) мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде алады.
5. Орын басу реакциясын көрсетіңдер: