Қазақ халқының баспаналары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: §46 - 47 Қазақ халқының мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, үйлестірмелі суреттер.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінесің?
2. Егіншілікпен айналысатын
3. ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы
4. Маусымды көшіп қонудың қандай пайдасы бар?
5. Қазақ қыстауларының тарихи маңызы неде?
6. Көктеу мен күзеудің және жайлаудың айырмашылығын айтып беріңдер?
7. Қазақтар егін шаруашылығымен қандай аймақтарда басым айналысқан?
8. Қазақ халқында қолөнердің қандай түрлері болған?
9. Қазақ қалаларының әлсіреу себептерін ата
10. Маусымды көші - қон қанша мезгілге бөлінеді?
Кесте толтыру ( дұрыс жауаптарды ұяшықтарға сүйреп апару)
1. Жұт дегеніміз не?
2. Қыстау мен көктеудің арасы қанша шақырым болған?
3. Оңтүстік Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар қай ғасырдан бастап қазақ хандығының қол астына қарай бастады?
4. Сығанақ қаласы қай ғасырларда қыпшақтардың орталығы болған?
5. Түркістан қаласы қай ғасырдың соңында қазақ хандығының астанасы болған?
ІІІ. Жаңа сабақ ( телеграф лентасы)
1. Қазақ халқының баспаналары
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Ұлттық қолөнері
4. Қазақ халқының ауыз әдебиеті
5. Қазақстан жеріндегі ислам діні
Мұғалімнің сөзі: Оқушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.
Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер
4 - зал Қазақ халқының ауыз әдебиеті
5 - зал Қазақстан жеріндегі ислам діні
І. Алғашқы баспаналар
Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді. Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болған. Жаздыгүні жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстыгүні жер үйде, шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болған.
1. Кәдімгі киіз үй, екіншісі арба үстінде орналасқан жылжымалы үй - күйме болды. Киіз үй жайылымнан жайылымға көшіп отыруға қолайлы жеңіл құрама үй.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оған кереге, уық, шаңырақ және есік жатады.
Киіз үйді қалай құрады, осымен танысамыз.
Киіз үйдің қандай түрлері болады? Оқушылар өздері білетіндерін айтады.
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау – жас жұбайлар үйі.
ІІ. Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне хош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз. Қазақтар жазғытұрым көйлек сыртынан
бешпент, қамзол немесе шапан киді. Қысқы киімдері - қойдың немесе түйенің жабағысын қалың матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе шидем ішек пен тон, құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен. Қой терісіне түгін ішіне қаратып тігілген шалбар киді.
Қыста басқа киетін тымақ елтіріден, түлкі және басқа аң терілерінен тігілді. Жазда жұқа киіз қалпақ киген. Қазақта аяқ киім түрлері де көп болды. Ер адамдар биік өкшелі, қонышы тізеден жоғары саптама(шоқайма) етік киген. Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқ киім мәсі деп аталған.
Әйелдердің киімі матадан, жібектен, мақпалдан тігілді. Көйлек үлгілері көп болды. Бойжеткен қыздар көбіне үкі тағып, бағалы аң терісінен әсем бөрік киді. Жас келіндер сәукеле киді, кейін сәукеле орнына желек жамылған. 30 - 40 жастағы әйелдер кестеленген кимешек киді. Орта жастағы әйелдер жаулық, жасы келген әйелдер күндік деп аталатын баскиім киген.
ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне хош келдіңіздер!
Қолөнер бұйымдарымен танысамыз.
Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру - тайпалардан бері қарай келе жатқан өнердің жалғасы болып табылады. Қазақ халқы тұрмыс - тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырған.
Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зергерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т. б қолөнер кәсіптері дамыған. Домбыра, қобыз сияқты музыка аспаптарын жасаған.
Қазақ халқының ішінде зергерлік іс өте жоғары бағаланды. Олар қыз - келіншек, әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар жасаған.
Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою - өрнек салынған текемет басу кең тараған. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден дайындаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық т. б жасаған.
ІҮ. Қазақ халқының ауыз әдебиеті келесі көрме.
Халқымыздың ауыз әдебиеті оның рухани дүниесінің аса бір мол жетілген саласы. Халықтың ой - санасының дамуын оның ауыз әдебиетінен байқауға болады. Аңыз - әңгімелер, батырлық және ғашықтық жырлар, мақал - мәтелдер мен жұмбақтар т. б. халықтың жан дүниесін білдіретін бірден - бір рухани байлығы болған. Қазақ халқы ауыз әдебиетінде келешекке деген ой - арманын, дүниеге көзқарасын білдірген, отбасына жақсылық сезімін тілеген. Халқымыз өзінің өмірдегі қуанышын да, ренішін де өлең жырларында білдірген. Мәселен, дүниеге бала келгенде, қыз ұзатып, не келін түсіргенде, той жасаған жар - жар, беташар, сыңсу, ал адам қайтыс болса жоқтау айтылған.
Діни нанымдар мен әдет - ғұрыптарға байланысты да көптеген өлең - жырлар туды.
Батырлар жыры – халқын жат жерліктердің шапқыншылықтарынан қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі - батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы дастан. Ер Тарғын , Қамбар , Алпамыс , Ер қосай , Телағыс т. б. дастандарда елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен кестеленеді.
Қазақтың ауыз әдебиеті ғашықтық дастандарға да өте бай. Лиро - эпостық жырлардың негізгі тақырыбы – сүйіспеншілік, өз бақыты үшін күрескен жастардың бастан кешірген зары. Лирикалық - эпостық жырларда Қозы Көрпеш - Баян сұлу , Айман - Шолпан , Қыз жібек т. б. халық тұрмысы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрлері де кең көлемде көрініс тапқан.
Ү. Қазақстан жеріндегі ислам діні
Қазақтар ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды. Ислам дінін қазақтан арасында таратушылар - Түркістан, Бұхара және Хорезм, Астраханның дінбасылары болды. Қазақ халқының хандары мен сұлтандары ислам дінін қабылдап құран оқып, намазға жығылды. Ислам діні Қазақстанның әсіресе Оңтүстік және Жетісу аймағында берік орнықты.
Түрік ғалымы Сейфи қазақтардан 200 мыңнан астам адамның ислам дінін ұстанғандарын айтқан. Орта ғасырдың соңғы кезінде, 1558 - 1560 жылдары Қазақстанда болған ағылшын көпесі А. Дженкинсон қазақтарда Ислам дініне сенетін халықтар ,- деп жазған. Мұның бәрі қазақтар арасында ислам дінінің кең түрде жайылып, нығая бастағанын көрсетеді. Ислам діні өлген адамды арулап жуып, жаназа шығарып, бетін Меккеге қаратып жерлеуді талап етті. Өлік жатқа үйге күзет қойылып, ол қыстақтың маңына жерленді. Зират құрылысы да қайтыс болған кісінің жағдайын байқататын еді. Байлар күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді. Ері өлген әйел жыл бойына қара жамылып жүрді. Жыл өткен соң өліктің басына ескерткіш қойылып, ас берілетін болған.
Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғамның дамуына байланысты біртіндеп дамып, жетіліп отырған.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. Киіз үйдің ішкі құрылымын құрастыру
2. Орнын тап Суреттерге қарап орнын табу. ( дұрыс жауаптарды өз ұяшықтарға сүйреп апару)
Ер адамның киімдері, Қыз баланың киімдері
3. Топтастыру.
Қолөнер бұйымдарына нелер жатады? ( Дұрыс жауаптарды ұяшықтарға жазу)
4. Сұрақтар
А) Қозы Көрпеш – Баян Сұлу , Айман - Шолпан , Қыз Жібек қандай дастанға жатады?
Б) Қазақ халқының ауыз әдебиеті халыққа қалай тараған?
В) Асан Қайғы, Қара мерген, Құла мерген қандай халық ауыз әдебиетіне жатады?
5. Тарихи диктант
Ү. Рефлексия (смайликтермен жұмыс)
ҮІ. Үйге тапсырма (жазба)
Қазақ халқының мәдениетін оқу, түсінік айту.
Үй жиһаздары , Қолөнер бұйымдары слайд жасау.
ҮІІ. Бағалау


Скачать


zharar.kz