Сабақтың мақсаты:
Білімділік: АӨК, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі жайлы білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық: Географиялық сауаттылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: қорытынды сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекілік:
Қазақстан Республикасының саяси, физикалық, экономикалық картасы, интерактивті тақта, слайдтар, бейне таспа, карточкалық сұрақтар, көрші хаты, 10 компьютер.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО технологиясы, стратегиялары, сұрақ - жауап әдісі, оқушылардың ауызша баяндауы.
3. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а сәлемдесу
Эпиграф:
Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенген заманда – қапы қалып жүрмейік - деп Абылай хан айтқандай бүгінгі сабақта білімдерің өрге жүзсін!
б оқушылардың сабаққа әзірліктері бақылау
- Көңіл – күйлерің қалай?
- Жақсы
Бүгінгі сабақта жүргізуші - мен
Бақылаушы - сынып ішінде топ басшылары білімдеріне сарап жүргізеді, мемлекет басшылары, фермерлер, бизнесмендер және қарапйым малшылар мен егіншілер деп септейік, ал сендер үш топ –
1 топ Рахат кондитер комбинаты
2 топ - Textilles. kz корпорациясы
3 топ - Айтас фирмасы боласыңдар, неге ойлай екендігін түсіндіреді.
Мұғалім сөзі:
Сыналатын тағы бір келді кезің,
Несібеңнен көрерсің енді өзің.
Қандайдағы сұрақтар кезіксе де,
Ең бастысы өзіңде болсын төзім, дей отырып баршаңа сәттілік тілеймін.
Топ басшылармен таныстыру.
1 топ
Еламан
Нұржан
Еркебұлан
Сабина
Гүлжан
Аида
2 топ
Мақсат
мұхаммед
Санжар
Мадина
Сәния
3 топ
Мұхамеджан
Құралай
Дастан
Еркежан
Әйгерім
Алмас
ІІ. Ой қозғау: Геометриялық бас қатырғы - Терминдер әлемі
Оқушыларға фигуралар басында бар сөздер беріледі. Шыққансөздер қандай тақырыптар өткендігі шығады.
- Агроөнеркәсіптік кешен
- Ауыл шаруашылығы
- Мал шаруашылығы
- Өсімдік шаруашылығы
- Жеңіл өнеркәсіп
- Тамақ өнеркәсібі
Көрші хаты
9 а сынып оқушыларының атынан Жетілік деп аталатын сын сұрақтарын ұсынамын:
1. Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз не?
2. АӨК негізгі мақсаты?
3. АӨК негізгі салалары?
4. АӨК жетекші саласы?
5. Қазақстандағы жер реформасына байланысты а ш неше санатқа бөлінеді? Қандай?
6. А ш – ң өнеркәсіптен ерекшелігі не?
7. Жағдаят сұрақ: А ш басты проблемалары не?
ІІ. Мағынаны ашу.
1. Орнын толтыр! Берілген тірек сызбаны толтыру.
2. Сиқырлы сандар
3. Семантикалық карта
4. Географиялық білім алаңына үлесім 3 оқушы эссе
Сергіту сәті.
5. Шығармашылықтарын бақылау, үйден әзірленген топ жобасын сұрау.
ІІІ. Ой толғаныс
Компьютерге тест орындау. 2 нұсқа, әр нұсқа 10 сұрақтан тұрады.
ІҮ. Қорытынды. Бақылаушыға сөз. Рефлексия 2 жұлдыз, 1 ұсыныс
Бағалау.