Күн күркіресе, Көк дүркірер

Скачать

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Батар күннің де атар таңы бар.

Болатын бала — пысық,
Жауатын күн — ыстық.

Мың жұмақтан - бір күн тірлік.

Ақпанда күн —
Ат адым ұзарады.

Кешкі күн құлақтанса
Қатының ұл тапқандай сүйін.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандай күйін.

Қатты күркіреген күн
Тез ашылады.
Қатты ашуланған адам
Тез басылады.

Бұлыңғыр күннің артынан
Бұлтты түре күн шығар.

Күн сіркіресе —
Көк дүркірейді.

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Жаңа шыққан күнді көрген
Бір ғанибет.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір ғанибет.

Ұл туғанға —
Күн туған.

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Ескі тонның жылуы жоқ,
Қайтқан күннің қызуы жоқ.

Ай қораланса
Арбаңды сайла,
Күн қораланса,
Күрегіңді сайла.

Өткен күнде белгі жоқ.

Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.

Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.

Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.

Күн күркіресе, жерге абыйыр,
Жер иісе, малға абыйыр.

Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.

Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Күншілдің күні қараң.

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Күн батса қойға соқпақ табылады.

Батар күннің атары бар.

Ай мен күн әлемге бірдей.

Күнің бір күн болса да жорға мініп өт.

Дүние жиып нетесің,
Бір күн тастап кетесің.

Күнде тойсаң боларсың, жұмада бір тойсаң өлерсің.

Жаманға түн де қараңғы, күн де қараңғы.

Күн райын тоққа санама,
Жасырын жауды жоққа санама.

Түнде ұшқыныңды жасыра біл,
Күндіз түтініңді жасыра біл.

Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтан суы сарқырап.

Бiлiмдiге дүние жарық,
Бiлiмсiздiң күнi кәрiп.

Күні тайғанның дұшпаны қырағы.

Күнді күл шашып сөндіре алмассың.

Жын діннен безсе,
Сұм күннен безеді.

Екі күннен кейін жаңа құмыраның суы да суып кетеді.

Кешегі күн өтті,
Алдыңғы күн өтті,
Бүгін енді жетті.

Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.


Скачать


zharar.kz