Қорқыт ата атындағы Қазалы аудандық
балалар музыка мектебі баян класының
оқытушысы Байсенгер Әділбек
Сабақтың тақырыбы: Вольфганг Амадей Моцарттың Фигароның үйлену тойы атты операсынан Фигароның әні. Ырғақпен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін меңгерту.
2. В. А. Моцарттың қысқаша өмірбаянымен таныстыру.
3. Фигароның әні жұмыс жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушының эстетикалық талғамын арттырып, музыкалық білімге баулып, өнерге тәрбиелеу.
Білімділігі: Жаңа сабақты үйретіп, түсіндіріп, талдау арқылы музыкалық білімін жетілдіре түсу, есте сақтау қабілетін арттыру.
Дамытушылығы: Ноталардың ұзақтығын толық ұстап, ырғақты дұрыс ойнауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Вольфганг Амадей Моцарттың Фигароның үйлену тойы атты операсынан Фигароның әні жазылған плакат, композитордың портреті, буклеттер, оқулықтар, ноталар жазылған дәптерлер, баян аспабы, опера әншісі Георг Отс Риголеннің орындауында Фигароның ариясы.
Пән аралық байланыс: Сольфеджио, музыка әдебиеті.
Сабақтың негізгі жоспары
I Кіріспе а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Оқушының сабаққа әзірлігін, оқу құралдарын дайындау.
в) Гамма до мажор, арпеджио, аккордтары.
г) Гамма ля минордың үш түрі:
1. натуральды 2. гармониялық 3. мелодиялық,
арпеджио, аккордтар. Французкая народная песня, қазақтың халық әні Маусымжан - жатқа сұрау.
д) Жаңа сабақ: Вольфганг Амадей Моцарттың Фигароның үйлену тойы атты операсынан Фигароның әні. Ырғақпен жұмыс.
II негізгі бөлім: Жаңа сабақты түсіндіру. Композитор өмірі және шығармаларымен таныстыру. Фигароның әніне талдау жасау және ырғағын үйрету.
III Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық жасау. Оқушының оқу құралдарын дайындатып, сабаққа зейінін аудартамын.
II Үй тапсырмасын сұрау:
1. До мажор гаммасын ойнатамын.
Мажор гаммасының дыбыс аралық құрылымы: