Сабақтың тақырыбы: 26+4, 95+5 түріндегі есептеулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 26+4 түріндегі есептеулердің шығарылу жолдарын түсіндіру, үйрету, есепті өрнек құру арқылы шығаруға төселдіру.
Дамытушылығы: Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын білу, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Математикалық тілде сөйлей білуге, ұйымшылдыққа тез есептеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: слайд, кубик
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Бір - бірімен дос
Саусақтарды қос
Артық қыл, кем қыл, ал
Қанша саусақ бар?
Осы айтылған өлеңдегі математикалық терминдерді табу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Үй тапсырмасын тексеру №6 есеп 13 бет
2. Өткенді пысықтау. Қызығушылықты ояту Кубизм әдісімен қосындылар мен айырмалар ойлау.
3. Жаңа сабақ. Мағынаны түсіну
а) Дайындық кезең: Екі таңбалы сандар ойлату, құрамын ажырату 26 және 95 сандарының құрамын ажырату.
ә) Бүгінгі өтілетін жаңа тақырыпты, күннің жадын дәптерге жазу.
б) Көркем жазу: 48 саны
в) Түсіндіру (интерактивті тақтада)
26+4=20+(6+4)=30
95+5=90+(5+5)=100
4. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Мағынаны бекіту.
№1. Түсіндіре отырып тақтаға есептеу. (интерактивті тақтаға, жәй тақтаға орындау)
12+8 - 10+(2+8)=20
81+9 - 80+9(1+9)=90
43+7 - 40+(3+7)=50
92+8 - 90+9(2+8)=100
№2. Есеп. Есепті оқу талдау, өрнек құра отырып, шығару.
Барлығы - 12әуен Шешуі: 12 - (5+4)=3
Ләззат - 5әуен Жауабы: 3әуен.
Сайраш -? 4 - е -? 4 - еуі артық
Таба алмағаны -?
5. Сергіту сәті: Әуенмен сергу.
1. Қандай әншілерді білесіздер?
2. Музыка сабағынан қандай әндер үйрендіңдер?
3. Әндердің тәрбиелік мәні.
4. Есеп. Есепті оқу, талдау, шығару сызба сызу (интерактивті тақтада)
Мектепке дейін - 15мин
Үйге дейін - 8мин Неше мин. артық?
Шешуі: 15 - 8=7
Жауабы: 7мин артық
6. Математикалық диктант.
а) Оқулықтың сол жағындағы мысалдардың тек мәнін жазу. Артық мысалды табу.
ә) Топтастыру. Мәні 16 - ға тең 2 - қосынды, 2 - айырма жазу.
№5. Есеп. Өрнектерді жазу және есептеу.
1. 8 - бен 12 сандарының қосындысын 40санынан азайт.
40 -(8+12)=20
2. 12 мен 4 сандарының айырмасына 60санына қос.
(12+4)+60=76
3. 30 бен 10 сандарының айырмасына 9санын қос.
(30 - 10)+9=49
№7. Есеп. Өз беттерімен жұмыс.
І - нұсқа. Ақ жолақтағы қосындылардың мәндерін табу.
ІІ - нұсқа. Сары жолақтағы қосындылардың мәндерін табу.
Қосылғыш 15 15 15 15 9 6 3 0
Қосылғыш 3 5 10 30 9 9 9 9
Қосынды
7. Ой толғау. Логикалық есептер
1. Үш аю қыста 3ай ұйықтады. Әр аю қанша уақыт ұйықтады?
Жауабы: 3ай
2. Екі бала қалаға бара жатыр еді. Жолда 3досы қарсы шықты. Неше бала қалаға барды?
3. Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың тек он құлағы ғана көрініп тұр. Шөп арасында неше қоян отыр?
ІІІ. Қорытынды.
8. Ой қорыту.
Жаңа сабақты қорыту үшін мысал ойлатып, оқушыларға шығарылу жолдарын айттыру.
9. Үйге тапсырма.
№6 есеп 14бет
10. Оқушыларды мадақтау, бағалау.
11. Сабақты қорыту.