Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: мәтінді мәнерлеп, сауатты оқуға үйрету.
2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Жан - жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сыни тұрғысынан ойлау. Ой шақыру, пікірлесу, INSERT түртіп алу, еркін жазу, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, ДЖИК - СО әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреті, Күз атты буклет, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұру.
1. Мәтіннің мазмұнын айту.
2. Берекелі күз тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
- Балалар, кешегі өткен әңгімемізде адамдардың қысқа дайындығы жайлы әңгімеледік.
- Адамдар ғана қысқа дайындалады ма?
- Тиін, қоян, борсық, аю қысқа дайындалады.
- Қалай ойлайсыңдар, балалар, тиін, борсық, аю, т. б. жануарлар қысқа қалай дайындалады?
- Күзгі орманның көріністері атты мәтінді оқиық.
ІҮ. Мағынаны тану.
1) Е. Салықов туралы мәлімет беру.
2) Оқулықпен жұмыс.
а Мәтінді мәнерлеп оқу.
ә Оқушылардың тізбектей оқуы.
б Сөздік жұмыс.
в Мәтінді бөліктерге бөлу, әр бөлімге ат қою.
1. Орман ағаштарының көрінісі.
2. Тиіннің қысқа дайындығы.
3. Борсықтың қысқа дайындығы.
г) ДЖИК - СО әдісі бойынша мәтінді оқу.
1 – топқа – 1 бөлімі
2 – топқа - 2 бөлімі
3 – топқа – 3 бөлімі
(Осы бөлімдер бойынша мәтіннің мазмұнын айтады).
Ү. Ой толғаныс. Венн диаграммасы. Борсық пен тиіннің қысқа дайындығын салыстыру.
Борсық - Қысқа ұйықтайды, ін қазады, денесіне жинаған майын қорек етеді.
Тиін - Қыста ұйықтамайды, ініне жинаған азығын жейді.
Ұқсастық - Жабайы жануар, қыста азық іздемейді.
Дәптермен жұмыс.
а) Борсық жайлы әңгіме жазу.
ә) Тиін жайлы әңгіме жазу.
Топтастыру стратегиясы сызбасы бойынша.
Қысқа дайындалатын жан – жануарларды топтастыру
Қыста ұйықтайтын жануарлар
↓
Қосаяқ
Саршұнақ
Борсық
Аю
Суыр
Кірпі
Сергіту сәті.
ҮІ. Сабақты қорыту. Бес жолды өлең .
Эссе жазу стратегиясы: Әр бала өз ойларын жазып оқиды.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. 1 - топ: Мәтінді оқып мазмұндау.
2 – топ: Борсық жайлы мағлұмат жинау.
3 - топ: Тиін жайлы мағлұмат жинау.
Қызылорда қаласы
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Улбосын Сандибековна