Төрт түлік малдар

Скачать

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік малдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген материалдарды қайталай отырып, тақарыпты кеңейту және пысықтыу.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Әдемі, сауатты жазуға дағдыландыру. Ойын, тілін, сөлку қабілетін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекті сүюге тәрбиелеу, ұлттық кәсібімізді, өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, оқу, жазу, ойлану, ойнау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Төрт үлкен суретті жайлау. Трт түлік иелері, төлдер суреті, мақал.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты еске түсіру.
- Балалар, еңбек дегеніміз не? Ол туралы не біліеміз? Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- Қазақ елінің ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.
- Малдың адам өмірінде қандай пайдасы бар? Төрт түлік малының иелерін атаңдаршы. Біздің осы мектептегі еңбегіміз не?
- Білім.
- Иелері өз малдарын алып келіпті, тек босқа бермейді, біліміне саудалайды. Білім осы мал мен төлдің суретінің артында берілген. Оны оқып, ойланып жауап береміз. Бірінші Қамбар баба жайлауындағы саудаға барамыз.
1 - жылқы: Мал атауларын ата?
2 - жылқы: Төлді қалай шақырады?
3 - жылқы: Әр түлік қалай дыбыстайды?
4 - жылқы: Әр малдың төлдерін қалай атайды?
1 - құлын: Түйе туралы не білесің?
2 - құлын: Сиыр туралы не білесің?
3 - құлын: Қой туралы не білесің?
4 - құлын: Ешкі туралы не білесің?
Енді ары қарай жайлау аралауға кеттік. Ендігі жайлау Зеңгі баба жайлауы.
2. Оқулықпен жұмыс. Зеңгі бабаның өрісіне жеттік. Сиырлар сатып аламыз.
1 - сиыр: Ботақан өлеңін мәнерлеп оқы.
2 - сиыр: Боз бие өлеңін мәнерлеп оқы.
3 - сиыр: Қазақ алфавиті туралы түсінік бер.
4 - сиыр: Құлыншақ өлеңін мәнерлеп оқы.
1 - бұзау: Жуан дауыстыларды ата.
2 - бұзау: Жіңішке дауыстыларды ата. Мысал келтір.
3 - бұзау: Ақ бұзау өлеңін мәнерлеп оқы.
4 - бұзау: Жұмбақты шеш: Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар .
3. Сергіту кезеңі.
4. Дәптермен жұмыс. Шопан бабаның тапсырмалары.
1 - қой: Сусын, жусан, қурай, туыс сөздерін буынға бөліп жаз.
2 - қой: Дауыс, ауа, дауыл сөздерін буынға бөліп жаз.
3 - қой: Хат, кітап, шалғы сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
4 - қой: Аударыспақ, жарыс, ән сөздерін алфавит ретімен жаз.
5. Өз бетімен жұмыс. Сексек баба тапсырмалары.
1 - ешкі: Түлік туралы сөйлем ойла.
2 - ешкі: Мал туралы тыйым сөздер айт.
3 - ешкі: Бөрте лақ өлеңін жатқа айт.
4 - ешкі: Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
6. Қорытынды. Ең көп мал жинаған оқушыны мадақтап, Еңбекқор, білімді деген медаль тағу.
7. Бағалау.


Скачать


zharar.kz