Мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, заман шындығын көрсету;
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, тарихын қастерлеуге, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін анық, жатық жеткізуге, мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Әдісі: Баяндап түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, Орамал тастамақ ойыны,
Кубизм, мағынаны тану, салыстыру кестесі т. б.
Көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалары, анимациялық слайдтар
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. А) Сынып тазалығы
Ә) Қатысуы
Б) Оқу құралдары
II. Үй тапсырмасын сұрау. Шешендік сөздерді жатқа айту
Шешендік өнерден көрініс
Шынайы шешен - жарқын тұлға
III. Үй тапсырмасын қорыту Орамал тастамақ ойыны
IV. Жаңа сабақ.
Ресейлік патша өкіметінің отаршылық саясаты, елдегі тарихи жағдай туралы
Дулат Бабатайұлының өмірінен мәлімет.
Шығармашылығы. Толғаулары.
Аягөз, қайда барасың?! өлеңін оқытып, мазмұнын ашу.
А) Аягөз өзені жайлы түсінік беру. Картадан көрсету.
Ә) Сол кезеңдегі тарихи оқиғаларға шолу.
Сөздікпен жұмыс
V. Жаңа сабақты бекіту.
Мәтінмен жұмыс.
Ақындар арасындағы сабақтастық.
Дулат пен Абай.
VI. Қорытынды.
VII. Бағалау. Оқушыларды жария түрде бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
А) Оқулық бойынша өлеңнен үзінді жаттау.
Ә) Аягөз кімнің жері еді? тарихи шолу - шығарма