Дана ақын Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқыту нақыл сөздерінің мағынасын ашу

Скачать

Мақсаты: 1. Өлеңнің сөздеріне мән беріп, оқу.
2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне отырып, өзіндік талдау, жинақтау жасауға сыни тұрғыда ойлау арқылы жеке және топтық жұмыстарда шапшаңдық, тапқырлық танытуға, сөйлеуін көркем әдеби тілмен өрнектей білуге бағыттау.
3. Дана ақын Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқыту нақыл сөздерінің мағынасын ашу.
Көрнекілік: Абай портреті, сызбалар.
Қара сөздеріне жасалған Венн диаграммасы.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Қызығушылықты ояту.
Балаларға карта – жоба ұсынылады. Әртүрлі белгілерді ұқсастыру арқылы балалар бұл сынып жобасы екенін аңғарады. Осы жобадағы қандай да бір бала мән берер деген шартты белгі қызыл нүкте, жұлдызша, өз қалауыңша салынған белгі арқылы жасырылған зат орнын атап айту керек. Оны тапқан бала затты алып келеді. Сандықша оқушылардың көзінше ашылып, ішіндегі плакатқа жазылған жазу оқылып, тақтаға ілінеді. Онда Оқышы, дана Абайды деген сөз жазылған екен.
Балалар, бағанадан сендер не іздедіңдер?
- Біз қазына іздедік, оны таптық.
- Ендеше, бүгінгі біздің іздеген қазынамыз ұлы Абай туралы жазылған Оқышы дана Абайды өлеңі екен. Авторы С. Тойлыбаев.
III. Жаңа тақырыпты өту.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Сұрақ - жауап әдісі. Ақын дана Абайды қандай сөздермен сипаттаған?
- Данышпан, дана, сазгер, ұлы, кемеңгер, асыл.
3. Абайдың қандай өлеңдерін білеміз? Сызба жасайық.
Қара сөздері
Жануарды сипаттау
Ғылым, білімге шақырған

Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері
А) Оқу, білімге шақырған өлеңдерін атаңдар:
- Ғылым таппай мақтанба, Әсемпаз болма әрнеге, Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Ә) Жыл мезгілдеріне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Б) Жануарды сипаттауға арналған өлеңі?
- Аттың сыны
В) Абайдың қанша өлеңін жатқа білесің? Бір өлеңін сыныпқа оқып бер.
1 - топтан – 1 оқушы Ғылым таппай мақтанба өлеңін жатқа оқиды.
2 - топтан – 1 оқушы Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінен үзінділер оқиды.
3 – топтан - 1 оқушы Аттың сыны атты өлеңін оқып береді.
IV. Сергіту сәті. Ән айту. Көзімнің қарасы .
V. Ой толғау.
- Абайдың ақындығымен қатар тағы қандай өнері болған?
Ол сазгер, қара сөздер жазған 45 қара сөз жазған.
Бүгін біз хрестоматия оқулығынан Абайдың Отыз бірінші сөзімен танысамыз. Бір оқушы сөзді мәнерлеп оқиды. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар екен.
- Ой кеселдері деген не? Осыдан түйгенімізді Венн диаграммасына түсірейік.

VI. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар Абай атамызға арнап өлең шығарады
Топ басшылары шығарған өлеңдерін оқиды
VII. Рефлексия
VIII. Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау
IX. Бағалау


Скачать


zharar.kz