Пән мұғалімі: Искахов П. С.
Сабақтың тақырыбы: Трапецияның ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Трапеция ауданы бойынша алған білімдерін тиянақтау, трапецияның ауданын табу формулаларын есептер шығару арқылы бекіту.
Дамытушылық: Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойын қорыта отырып, толық жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
4. Кім білгір: Сұрақтар
1. Трапеция дегеніміз не?
Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады
2. Трапецияның табаны дегеніміз не?
Трапецияның параллель қабырғалары табандары деп аталады.
3. Трапецияның биіктігі дегеніміз не?
Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр биіктігі деп аталады.
4. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?
Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.
5. Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?
Тең бүйірлі трапеция, тікбұрышты трапеция.
5. Жаңа тақырып: Трапецияның ауданы.
Теорема: Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.