Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту

Скачать

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
№4 Алға орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сисенбаева Лариса Өтесқызы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Б. Момышұлы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының Ұшқан ұя әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
1. Оқушыларды Б. Момышұлының Ұшқан ұя әңгімесімен таныстыру.
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.

Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту.

Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: ата тегі –
баппен –
араз –
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Шығарма кімнің атынан баяндалған?
2. Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?
3. Әңгімені дұрыс, мәнерлеп оқу.
Ата текті білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу – ел тану екеніне мән бер.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


Скачать


zharar.kz