Қандай фигуралар

Скачать

Білім саласы: Таным ҰОІӘ: ҚМТҚ
ҰОІӘ тақырыбы: Нешінші?
Мақсаты: Реттік санау туралы білімдерін бекіту, нешінші сұрағына дұрыс жауап бере білуге үйрету, 5 - ке дейінгі санауды жетілдіру.
Көрнекіліктері: үлестірмелі материалдар, цифрлар, суреттер.
Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратып.
Жарқырайды күніміз,
Жайнап түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді, аламыз.
- Өте жақсы балалар екенсіңдер!
- Балалар, қазір бізге математика сабағы.
- Балалар жылдың неше мезгілін білесіңдер?
- Жылдың төрт мезгілі бар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір көктем мезгілі.
- Көктемде неше ай бар?
- Көктемде 3 ай бар.
- Қазір қандай ай?
- Наурыз айы.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада 7 күн бар.
- Ендеше доп лақтыру арқылы апта күндерін атап шығайық.
Есіктен Тапқышбек кіреді, қолындар конверт.
- Таптым, таптым!
- Сәламатсың ба, сен кім боласың?
- Мен Тапқышбекпін! мен математика патшалығынан келдім! Мен сендердің
білімдеріңді тексергелі келдім! Мына конвертте сұрақтар бар.
Сұрақтарды оқиды.
1. Санамақ айту
2. 5 - ке дейін тура және кері санау.
Балалар тапсырманы орындайды.
- Балалар, қане бәріміз түзу, әдемі отырайық! Көтеріңкі көңіл - күймен сабақты бастайық.
- Тапқышбек, сен біздің балалардыңәрі қарай сабағын тыңдағын келсе отыра ғой.
(Тапқышбек орындыққа отырады)
Тәрбиеші тақтаға 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын іледі. Балалардың әрқайсысын шақырып цифрларды қолдарымен көрсетіп, дауыстап санап береді. Тәрбиеші тақтаға плакат іледі.
Плакатта цифрлар орналасқан, әр цифрлардың тұсындағы қалташаға балалар зат орналыстырады.(Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады.)
Тәрбиеші кез - келген санды айтады, балалар сонша зат көрсетеді.
(орындарында отырып.)
- Балалар, сіздер қандай ертегілерді білесіңдер, естеріңе түсіндіріндерші?
- Бауырсақ , Шалқан , Үйшік т. б.
- Шалқан ертегісі қалай басталады? Балалар естеріңе түсіреді. Шалқанды ата, одан кейін әже, қызы, иті, мысығы, тышұан тартады.
Тәрбиеші ретімен кейіпкерлерді қояды.
- Балалар ата нешінші тұр? Бірінші
- әже нешінші тұр? Екінші
- Қыз нешінші? Үшінші
- Ит нешіншщі? Төртінші
- Мысық нешінші? Бесінші
- Тышқан - соңғы
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіптіде,
Ұстай алмас жіптіде.
Екі саусақ бірікті:
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртемін қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
- Жақсы жарайсыңдар!
Тәрбиеші тақтаға геометриялық фигураларды іледі.
- Балалар, мен тақтаға нені ілдім?
- Геометриялық фигураларды.
- Қандай фигуралар?
- Көпбұрыш, сопақша, үшбұрыш, дөңгелек.
- Балалар, бізге Тапқышбек ойын ала келіпті:
Д\о: себетті толтыр
Тапқышбек себеттен сандарды шығарады, балалар сонша затты себетке салу керек.
Д\о: Адасқан санды тап
Тәрбиеші цифрлардың орнын алмастырып қояды, балалар цифрларды орнымен қою керек.
Тәрбиеші:- Балалар бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік?
- Тапқышбектің тапсырмасын орындадық. Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлердің нешінші орналасқанын анықтадық. Бүгінгі сабаққа бәріңде жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!


Скачать


zharar.kz