Айба апай

Скачать

Балалардың денсаулығы - ұлт саулығы.
(спорттық ойын - сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер, кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған Баланың денсаулығы - ұлт саулығы атты спорттық ойын - сауығымызға қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын - сауығымызды бастамас бұрын әділ - қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Гүлнар апай.
2. Балабақша медбикесі: Нәсіп апай.
3. Балабақша психологы: Айба апай.
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы Күштілер және Шымырлар топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан - бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын - сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. Көңілді әуе шарлар ойыны.
2. Кім ұқыпты ойыны.
3. Түйілген орамал ойыны.
4. Күлімде, Күн ойыны.
5. Шынығайық шымыр болайық ойыны.
- Балалар екі қарсылас топ бір - бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз. 1 - ші кезең. Көңілді әуе шарлар ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіріп келу.
– Бәрекелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2 - кезең. Келесі ойынымыз Кім ұқыпты . Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
- Өте тамаша балалар!
3 - ші кезең. Түйілген орамал ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.
Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер!
4 - ші кезең. Ойнайық та, ойлайық та ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық – деп Күлімде Күн ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
- Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
5 - кезең. Шынығайық шымыр болайық ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз.
- Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ - қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңдер.
Осымен Балалардың денсаулығы - ұлт саулығы атты спорттық ойын - сауығымыз тәмамдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.


Скачать


zharar.kz