Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларда дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік пайда болады, білімдері жетіледі.
Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және тілдік қорлары дамиды.
Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық қарым - қатынаста бір - біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір - бірінен ажыратады. Дара етістік пен күрделі етістіктің жазылуын есте сақтайды. Топтық жұмыс жасауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді
Жаңа сабақ
Оқушыларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісінен үзіндісі бейне таспадан көрсетіледі. Бейне таспа бойынша оқушының ойы тыңдалады.
Оқушылар үзіндіден етістікті табады. Тапқан етістікті күрделі етістікке айналдыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын, ереже шығартамын.
Оқушыларға 375 - жаттығуды ауызша орындау арқылы дәлелдетемін.