Ата - анаға сөз

Скачать

Білімділігі: Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу.
Дамытушылығы: Жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне дұрыс бағыт - бағдар беру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, техникалық құрылғылар, кітап көрмесі т. б
Барысы:
Ашылуы: Би "Қылыш биі

Гүлсая: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан көктемнің жайма шуақ мезгілімен тұстас келген 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Мирас: Бүгін баршаңызда 2 Б - сыныбының Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Сіздер сәбилік, балалық шақты артқа тастап есейіп қалдыңыздар! Әрбіреуіңнің алдарыңа қойған басты мақсаттарың бар - бұл - білім шыңына талпыну, келешек елдің білімді ұрпағы болып, өз елінің ертеңі, тірегі болу.
Гүлсая: Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.

Мирас: Мектеп - сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп - сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп - сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп - сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

Гүлсая: Мектеп деген - білім кені, жыр кені,
Мектеп деген - ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген - тәрбиеші адамға,
Мектеп деген - даналардың мекені.

1 - оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
2 - оқушы: Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
3 - оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4 - оқушы: Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.
Хор: Қазақстаным

Мирас: Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!

Гүлсая: Дүние ойдан шығады,
Өзімді - өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып дегендей, - келесі кезекті әнге береміз.
Би: Кеңжайлау
Дарабоз бен Ақгүлдің орындауында Балдәурен әнін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Іргелі іс - ізденістен туындар,
Бар ізгілік - тек білімнен алынар,- демекші Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с. ғ. с): Білімді игеру әр бір мұсылманның міндеті , - дейді.
Сондықтанда ата - бабаларымыз: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ , Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар ,- деген секілді көптеген нақылдар қалдырған.
Баяғыда бір кісі данышпаннан Білім артық па, байлық артық па? деген сұрақты қойған екен. Сонда данышпан былай деп жауап берген.
Дамир: 1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – басқалардан қалған мұра.
Жания: 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.
Дамир: 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.

Жания: 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.
Дамир: 5. Білім артық, оны ұры - қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
Жания: 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
Дамир: 7. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.
Жания: 8. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, деген екен.

Гүлсая: Мирас, сен қалай ойлайсың, білім артық па, байлық артық па?
Мирас: Әрине білім артық емес пе? Елбасының өзі Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында деп бізге білімді көп игеру керек екенін атап айтқан ғой.
Ендеше, келесі кезекті биге берелік Торсық би

Гүлсая: Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін, - деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай сыныбымыздың жас сөз шебері, болашағы жарқын дарындардың бірі Алтынбекқызы Айқынды ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік - мәнерлеп оқу
Би: Ата толғауы
Мирас: Гүлсая, бағанадан бері білім туралы айтып жатырмыз, бізді білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздарымызды неге айтпасқа?
Гүлсая: Дұрыс, айтасың Мирас, мен ең құрметті мамандық ұстаздық деп білемін.
Мирас: Неге олай деп ойлайсың?
Гүлсая: Себебі, жас ұрпаққа білім беруде бар күш - жігерін аямай тер төгіп жүрген ұстаздарыма қызыға қараймын. Көп нәрсеге үйреткен алғашқы ұстазымызға алғысымыз шексіз. Өзімнің сүйікті ұстазым сияқты өскенде мен де мұғалім болғым келеді.
Мирас: - Ендеше, келесі әнімізді ұстазымызға арнайық.
Гүлсая: Орынбасарова Айдананың орындауында Ұстазым әні қабыл алыңыздар.
Мирас: Қоңыр үнді даусы әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Гүлсая: Хор Ұстазым
Мүбаракова Ақниеттің орындауында Мектебім әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Ақ сүт беріп аялаған,
Бізден бәрін аямаған. Жанашырым саялаған, Ол кім? Бәрі: Аяулы анамыз.
Ия, жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған ата – анамызға қандай жақсылық жасасақ та артық болмас еді. Ендеше, аяулы анамызға арнаған өлеңдерімізді бастайық.

Мирас: Сыныбымыздың үздің оқушысы, мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы Ерниязов Қанжарбекті ортаға шақырамыз.
О, Ана, Ана! Баубек Бұлқышов - мәнерлеп оқу

5 - оқушы: Ана өмірдің қуанышы тірегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі,
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тілейді.
6 - оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
7 - оқушы: Аяулы менің анашым,
Өсірдің мені мәпелеп.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Қошақаным , Әкем деп.
8 - оқушы: Айналайын анашым
Ақ сүт беріп өсірген.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Қате кетсе кешірген.

Мирас: Жылы жүзің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Мүбаракова Ақниеттің орындауында Ақ мамам әнін қабыл алыңыздар.
Би: Неміс биі
Ән: Орынбасарова Айдана Анашым
Би: Одесей биі
Би: Өзбек биі
Гүлсая: Ата - анаға қымбат - ау бала заты,
Естілмесе дейді екен жаман аты.
Бүгінгі күн ата - анаға сөз береміз,
Бар ма екен біздерге айтар аманаты. Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек батасымен өріп, ортамызға келіп отырған ата - аналарға сөз беріледі.
Ата - анаға сөз -----------------------------
Ән: Мүбаракова Ақниеттің орындауында Ақ мамам әні.

Мұғалім: Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйенемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
Құрметті ата - аналар! Сіздің ұрпағыңыз бүгінгі шәкірт – мектеп түлегі болса, Егемен еліміздің ертеңгі болашағы!

Гимнастика Тұрғанбай Аруназ
Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір
Қанаттар балғын талмасын.

Қорытынды сөз: Міне ашық тәрбие сағатымызда аяқталуға таяп қалды.
Оқушыларға білім жолындағы қанаттарың талмай білім көгіне самғай беріңдер деген тілек айтқым келеді.

Ән: Сағындық Айдана мен Жеңісбекұлы Димаштың орындауында Аяулым мектебім әнін қабыл алыңыздар

Жандары қаламайтын аласаны,
Өрендер алда талай бел асады,
Әлемге туған халқын танытатын,
Шәкірттер – еліміздің болашағы!
Назарларыңызға рахмет!


Скачать


zharar.kz