Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулалары

Скачать

Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы
Алгебра 7 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын түсініп және оларды қолданып есептер шығаратын болады.
Сабақтың мақсаттары:
1) Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын қорытып шығарып және оларды қолданып есептер шығара алады.
2) Қысқаша көбейту формулаларын есте сақтайтын болады;
3) Топтық, жұптық, жеке жұмыстарға дағдыланатын болады.
4) Өзін - өзі бағалау және топтық бағалаудың маңыздылығын түсінеді.
Тілдік мақсат
Оқушылар: өз ойларын ашық айтады; бір - бірінің қателерін жөндеп, көмектесуде айқын пікір айтады; өзара шынайы бағалайды;
Негізгі идея мен терминдер: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулалары; түсіну және оларды қолданып есептер шығару.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1) Екі өрнектің қосындысының кубын қалай табамыз?
2) Екі өрнектің айырмасының кубын қалай табамыз?
Сіз неліктен..... екенін айта аласыз ба?
Есептер талдау; Формулалармен жұмыс

Қызылорда қаласы,
№1 Қ. Мұхамеджанов атындағы
мектеп - гимназиясы математика пәнінің мұғалімі
Табынбаева Перизат Сейдалықызы


Скачать


zharar.kz