Көңілсізден күлкі шықпас

Скачать

Күлкісін іріккен жаннан түңіл,
Шала бүріккен жауыннан түңіл.

Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

Көңілсізден күлкі шықпас.

Көп күлкісі күнненде жылы.

Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.

Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.

Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудың ұйқысы қанбас.

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.

Жығылған сүрінгенге күледі.

Жыртық тесікке күледі.

Ит дегенге ашуланып,
Күшік десең күледі.

Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.

Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?

Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.


Скачать


zharar.kz