Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: теңдеудің қасиеттерін пайдалана отырып, түбірлерін таба білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, шығармашылық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа белсенділікке сауаттылыққа білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, техникалық құрал, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық (оқушы зейінің сабаққа аудару)
Біле бер қанша білсең - тағы тіле,
Жетерсің мақсатына біле, біле.
∕Ж. Баласағұн∕
Роwer Point - та слайд арқылы жұмыс.
II. Ой қозғау. 1. Алгебралық өрнек дегеніміз не?
2. Жақшаны ашу ережесін тұжырымда?
3. Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды?
4. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру деген не?
5. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
6. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
7. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
8. Егер а≠0 болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?
9. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
10. Теңдеуді шешудің алгоритмі қандай?
Теңдеу шешу алгоритмі
Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің бір жағына, бос мүшелерді теңдеудің екінші жағына жинақтаймыз Ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз Теңдеудің екі жағын да Х - тің коэффицентіне бөлеміз.
III. Адаспай тап (сәйкестік тест)
1. 2х+17=22+3х 5
2. 3, 4х - 4=4, 8 - х 2
3. х= ⅔х+1 3
4. 3х=2(х+2) 4
5. 7х -(3 - 6х)=х+9 1
IV. Ой толғаныс(түбірлерін ойлап табу және мәндес теңдеулерді анықтау)
х(х+3)=10 х(х - 1)=42
(х+7) х=18 (х - 9) х=36
V. Мағынаны ажырату. Интерактивті тақтада жұмыс.
Берілген теңдеулерден бір ғана түбірі бар, шешімі жоқ, шешімі көп теңдеуді анықта.(тақтада)
теңдеудің Бір түбірі Шешімі көп Шешімі жоқ
13+28х=5х+17+23х 0
5 - 3х+4=17х+9 - 20х 0
5 - 3х=х - 8 0
Оқулықпен жұмыс: №854 (3), №855 (1), №860
VI. Үйге тапсырма.№ 853, 857, 861
VII. Бағалау.