Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп - гимназиясы
Майланова Тойдушат Елемесовна
Пәні: Ағылшын тілі. Қызықты грамматика
Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрау.
Сабақтың мақсаты: Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрауға машықтандыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету. Шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрай алады; өз ойын ашық, еркін айта алады; сөйлеу тілі дамиды.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, эссе, Қар үйіндісі, қар үстіндегі доп, сәйкестендір
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар ағылшын тілінде бір - бірімен амандасады. Фигуралардың түстеріне сәйкес (ақ, сары, жасыл) үш топқа бөлінеді.
2. Ой шақыру
Сары, ақ, жасыл түстер туралы не білесіңдер? Осы үш түс ретімен келетін өмірде не нәрселер бар?
(Оқушылар ойы тыңдалады.)
- Жыл мезгілдері осы үш түске сәйкес келетіндігі анықталады.
Әр топ күз, қыс, көктем туралы қысқа ағылшын тілінде әңгіме жазып, суретпен бейнелейді.
3. Ойлан, дәлелде
- Осы үш түстің ішінде қай түс асыл?
- Ақ түс. Оқушылар мысал келтіріп дәлелдейді.
- Ендеше, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
4. Сәйкестендір Қысқы ойын
Оқушылар суретке ағылшынша атауын сәйкестендіріп белгілейді.
Snow sky the sun winter sled sledding skiing snow boarding skating skate
5. Қар үстіндегі доп (сұрақ - жауап)
Ағылшынша сөздер айтылады, оқушылар соған аударма жасайды.
6. Сергіту сәті (ән айту ағылшын тілінде)
7. Ойлан, құрастыр.
Әр топ қысқы табиғат құбылыстарына жұмбақтар құрастырады. (аяз, қар, боран,)
8. Егер мен....... (образға ену)
Әр оқушы қыс мезгіліндегі табиғат құбылысына енеді.
Мен - боранмын. Мен қыста соғамын. Салқын боламын.......
9. Бес жолды өлең......
Әр топ қыс мезгіліне байланысты өлең шығарады.
10. Бекіту. Қар үйіндісі ойыны
Әр оқушы жеке парақшаға қыс тақырыбында бір сөйлем жазады. Келесі оқушылар жалғастырады. Сыныптағы барлық оқушы да бір сөйлемнен жазып шығады. Соңында жиналған мәтін ашылып оқылады.