Кіріспе
1. Тарихи анықтама
2. “Coca - Cola” сусының құрамы
3. Эксперименттік бөлімі
3. 1. Оқушыларға сауалнама
3. 2. Coca - Cola сусынымен тәжірибе жасау
3. 3. Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Соңғы уақыттарды теледидардан көптеген бағдарламаларда біздің күнделікті өмірде не ішіп, не жейтініміз туралы айтылады. Консерванттар, бояғыштар және жасанды хош иістендіргіштердің кеңінен пайдалануы бізге сол тағамдардың пайдасы мен зияны туралы ойлануға жол береді. Әсіресе бізге, яғни балаларға жарқын қаптама, қызықты жарнама, осы өнімдерді тәтті дәмі тартымды көрінеді. Сондықтан, біз кейде ата - аналарымыз бізге ұнаған заттарды неге сатып алмайтындарын түсінбейміз.
Зерттеудің мақсаты: Coca - Cola сусынының адам ағзасына әсерін зерттеу арқылы құрбыларымның оны сусын ретінде ішпеу керектігін ғылыми ізденіс арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
- “Coca - Cola” туралы көп мәлімет алу, сусының құрамымен танысу;
- Мектеп оқушылар арасынан сауалнама жүргізу арқылы “Coca - Cola” сусынының қаншалықты танымал екенін, ол туралы қаншалықты мәліметтендірілгені және де оның өз денсаулықтарына зиянды ма екенін анықтау;
- Түрлі тамақ пен заттардың Coca - Cola - мен өзара іс - қимылын көрсететін эксперименттерді талдау;
- Coca - Cola сусынының ағзаға әсері туралы қорытынды жасау.
Жұмыстың зерттеу нысаны: “Coca - Cola” сусыны.
Зерттеу пәні: Coca - Cola сусынының қасиеттері және адам ағзасына әсері.
Жұмыстың гипотезасы: “Coca - Cola” денсаулық үшін қауіпсіз емес.
Зерттеу әдістері: Теориялық – ақпарат көздерін талдау, тәжірибелік - бақылау, сауалнама, математикалық статистика, эксперимент.
Зерттеу болжамы: Менің зерттеу жұмысым арқылы құрдастарыма Coca - Cola сусынының зияны мен оның салдары алдын ала болдырмау.
Зерттеу ұсынысы: “Coca - Cola” толықтай құрамы, зияны бөтелке сыртында жазылса. Энергетикалық сусындар орнына ұлттық таза табиғи сусындар көп сатылса.
1. Тарихи анықтама
Қазақта Дені саудың – жаны сау , Бірінші байлық – денсаулық деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтың қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық. Біздің ата - бабаларымыздың, ел батырларының денсаулықтары энергияны көп қажет ететін етті, майлы тағамдарды пайдалана отырып, қатал климатта да төзімділік көрсеткен. Сондықтан, мен зерттеу жұмысымда “Coca - Cola” – ның құрамы, жасалу жолдары мен адам ағзасына әсері, тұрмыста қолданылуы туралы мәліметтер жинап, тақырып төңірегінде ой қозғамақпын.
“Coca - Cola” сусыны 1886 жылдың 8 мамырында Америкада, Атланта қаласында пайда болған. Бұл сусынды ойлап тапқан Джон Пембертон. Ал сусынның атауын Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон ойлап тапқан. “Coca - Cola”негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі ( осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, оны кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын Кез келген жүйке бұзылуына емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастаған. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған зат болып табылмаған. Сондықтан кокаин ретінде сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отырған. Осылайша кока - коланың танымалдығы мен кірісі біртіндеп өсе бастаған. Алғашында қарапайым сироп ретінде сатылған. Ал The Coca - Cola Company болып, арада жеті жыл өткеннен кейін ғана 1893 жылдың 31 ақпанында құрылды. Джон Пембертон коланың атасы болса, The Coca - Cola Company компаниясының атасы Ирландық Аса Кэндлер болатын.
1923 жылы компания билігін Ернесттің ұлы Роберт өз қолына алды. Сол жылдан бастап Роберт “Coca - Cola” әлемге тарату мақсатында “Coca – ColaЭкспорт Корпарейшон корпорациясын құрып, оның бөтелкесін бір қаптамаға біріктірген.
Coca - Cola 1999, 2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, 2010 жылдары Жыл Өнімі ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта The Coca - Cola Company компаниясы 190 - ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері Олимпиадалық комитетімен бірлесіп жұмыс атқарады.
1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.
2. Coca - Cola құрамы
Жапсырмадағы көрсетілген сусын құрамы:
Ауыз суы
Қант (11 %),
Көміртегі диоксиді (Е290)
Бояуғыш карамель түсі (қант колері, Е150) қанттың ертуі арқылы құрамына химиялық, синтетикалық зат - аспартам қосады (951)
кармазин (азорубин, 120)
Қышқылдықты реттегіш ортофосфор қышқылы (фосфора 170 ppm, Е338)
кофеин (140 ppm),
Табиғи хош иістендіргіш
Консервант бензоат натрииі
Құпиялы сөзбен жасырылынатын Merchandise 7X , оның рецептін 2 ғана жоғары лауазымды адамдар біледі. Қосымша №1
Coca - Cola құрамына міңездеме
1. Қант. 1 стақан Coca - Cola сусынында 9 қасық қант бар. Оның қаншалықты адамның семіруіне және тіске зиян екенін ойланайық. Біз өзіміз 1стақан шайға 9 қасық қант салып іше аламыз ба? Жоқ, әрине. Сусындағы ортофосфор қышқылы қант дәмін бәсеңдетсе де, адам ағзасына әсерін бәсендетпейді екен, сонымен қатар 20 минуттан соң қан құрамындағы инсулин көтеріледі. Көптеген лимонадтар құрамында аспартам, яғни қанттың синтетикалық түрі +30 бөлшектенеді де, формальдегид пайда болады. Ал формальдегид – у. Адамның қалыпты температурасы +36 и 6! Зерттей келе мен білгенім – аспартам шөл қандырмайды, керісінше еліктіреді екен.
2. Көміртегі диоксиді. Түссіз газ, қышқылдау иісі мен дәмі бар. Консервант, қопсытқыш ұнтақ, минералды суларда пайдаланылады.
3. Бояуғыш карамель түсі Е150а. Қуырылған қант. Цельсий бойынша 150 градусқа дейін ерімеді. Адам ағзасына зиянды емес.
4. Қышқылдықты реттегіш ортофосфор қышқылы. Өрт және жарылысқа лайық. Газдалған су және тұз (пішіне, крекер ұнтақтары), өңделген ірімшік алу үшін пайдаланады. Көп пайдалынған кезде адам тістеріндегі маңызды эмаль жойылып, кариеске әкеп соғады, сүйектегі кальцииді көп мөлшерде шайып кетеді.
5. Кофеин. сусынның негізгі құпиясы – кошениль
құртынан алынатын азық - түліктік қоспада екен. Тамақ өнеркәсібінде бұл экстракт кармин қышқылы деген атпен белгілі. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Бүгінге бар білетініміз бұл Coca - Cola қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.