Суда еріген оттегіні анықтау

Скачать

Судың сапасына соңдай – ақ балық өсіру мақсатымен су қоймаларына санитарлық-гигиеналық баға беруде еріген оттегіні анықтаудың маңызы зор. Судағы оттегіні анықтау әдетте Винклердің әдісімен жургізеді.
Бұл тәсіл мынаған негізделген: суда еріген оттегі марганецтің Mn(OH)2 |шала тотығы гидратымен байланысып, марганец .Mn(OH)2 тотығының гидратына айналады. Соңғысының күкірт қыщылымен еруі
барысында иодид калийдің қатысуымен. Оттегінің эквиваленттік құрамындағы мөлшерде иод босайды. Пайда болған бос иод тиосульфат
\Na2S2O\ ерітіндісімен титрленіп, жұмсалған мөлшер бойынша судағы еріген оттегін белгілейді.
Ыдыстар: 100-200 мл сыйымдылықтағы үйлестірілген тығыны бар шыны ыдыстар, I және 5 мл пипеткалар, 150-200 мл конус колбалар, 100 мл өлшем цилиндрлері.
Реактивтер: хлорлы марганец ерітіндісі 12 32 г ңайнаған MnCl2 дистілденген 100 мл суға ерітеді /иодид калийдің сілтілі ерітіндісі/ 32 г күйдіргіш ашы натрий және 10 г иодид калий 100 мл дистилденген суға ерітеді, күкірт қышқылының H2SO41:3 ерітіндісі 0,01 н тиосульфат натрий ерітіңцісі H2SO2О3 өлшем колбада I л дистилденген суға ерітеді. 0,2 процент крахмал ерітіндісі.
Анализ үшін судың сынәма мөлшерін алу тәртібі
Оттегіні аныңтау үшін судың шамасын алу кезінде судың атмосфералық ауамен жанасуына жол бермеген жөн.
Ол үшін сыйымдылығы үйлестірілген тығыны бар 100-200 мл шыны ыдыс алады. Сынамалардың алдына шыны ыдыстағы үйлестірілген тығынды екі шыны түтікшелерді қою арқылы резиналы тығынымен алмастырады. Оның бірі ұзызындығы 20-30 см тығыннан жоғары сыртқа шықса, ал екінші ұшы тығынның төменгі ұшының деңгейінде болады. Екінші трубканың бір ұлы шыны ыдыстың түбіне дейік түсірілсе, екінші ұшы тығынның жоғарғы жағынан 2-3 см шығып тұрады. Түтікшесі бар тығынмен жабылған шыны ыдыс су бетінен 20-30 см тереңдікке су қоймасына түсіріледі. Сөйтіп, оны судың бетінде газ түйіршіктері шығып біткенше сумен толтырады. Осыдан кейін жабу кезінде ыдыстың мойнында ауа түйіршіктері қалып
қалмауы үшін шыны түтікшелері бар резиналы тығынымен жай тығынмен алмастырады. Жылдың жьшы мерзімінде сынаманы тікелей су қоймаларының басында – ақ байқаудан өткізеді MnCl ерітіндісінің 2.мл және 2 мл Kj + NaOH қоспа еріттндісін қосады.
Зерттеу тәсілдері
Шыны ыдысты ең жоғарыға дейін су сынамасымен толтырады, хлорлы марганецтің 2 мл ерітіндісін қосады. Ол үшін толтырылған пипетканы шыны ыдыстың түбіне дейін батырады, содан кейін жоғарғы ұшын ашып, пипетканы баяу кетеріп алады.
Екінші пипеткамен сынамаға күйдіргі калийдің Kj + NaOH 2 мл ерітіңдісімен қосады. Пипетканың ұшын шыны ыдыстың мойнындағы сынама деңгейіне дейін батырады. Бұдан кейін шыны ыдысты тығынның астында ауа түйіршігі болмайтындай етіп ептеп ақырын жабады. Шыны ыдыстағы сынаманы тұнба пәйда болғанша жақсылап араластырады /қою қоңыр түс.
Сонан кейін шыны ыдысқа күкірт қышқылының 5-10 мл ерітіндісін /1:4/ қосады, мұнда да пипетканы шыны ыдыстың жоғарғы бөлігіне батырады, да қышқылды сақтықпен жібереді. Ыдысты тығындап, ондағы тұнба толық еріп біткенше шайқайды. Содан соң сыйымдылығы 250 мл конус колбаға 100 мл зерттелетін ерітінді құйып, бөлінген иодты тиосульфат натридің 0,01 н ері-тіндісімен титрлейді. Алғаш солғын сары түске дейін, соңынан 0,5-1,0 мл 0,2 процент крахмал ерітіндісін қосады, ол ерітінді толық түссіз болғанша титрлейді.


Скачать


zharar.kz