Балаларды адам еңбегін, еңбекке деген қызығушылығын және нанды құрметтеуге тәрбиелеу

Скачать

Айналамен танысу;
Тақырыбы: Еңбекпен келген нан - қасиетті тағам
Мақсаты: балаларға ас атасы нан оны өсіру өте қиын жұмыс екенін айтып түсіндіру. Күз туралы білімдерін тиянақтау. Дихандардың күзгі еңбегімен таныстыру. Нанның қандай жолмен келетінін, ертегілер, сюжетті суреттер, дидактикалық ойындар бойынша айтып түсіндіру. Нанға, еңбекке байланысты тақпақ, мақал - мәтелдерді, тиым сөздер сұрақ - жауап қоя отырып балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Балаларды адам еңбегін, еңбекке деген қызығушылығын және нанды құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Саябаққа серуенге шығып, күз мезгілін бақылау, сюжетті суреттер көру. Өлең - тақпақтар, мақал - мәтелдер тиым сөздер жаттау. Көркем шығармалармен танысу. Егінші мен қасқыр , Нан қайдан келдің?
Көрнекілік: Ертегі кейіпкерлері (қасқыр, диханшы), мазмұнды суреттер, схема, бидай сабақтары (гербарий) піскен нан, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, схеманы қолдану, өлең тақпақ, тиым сөздер, мақал - мәтелдер, дидактикалық ойындар, Көкөністер мен жемістер , Жемістердің дәмін біл , Кім көп тағамдарды біледі .
Сөздік жұмыс: Диханшы, комбайншы, тракторшы, наубайхана, элеватор, құт - береке, ырыс.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шеңбер боймен тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің балабақшамызға көп қонақтар келіпті, оларды құрметпен қарсы алайық.
Балалар: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!
Тәрбиеші: Қош келіпсіздер біздің бақшамызға! Балалар, қараңдаршы бүгін күн кешегі күннен өте шуағын төгіп тұрған сияқты, өйткені жер бетіндегі тіршіліктің барлығы осы күннен нәр алады.
Қәне, біз алтын күннен нәр алайық, жылу алайық сол жылуды бір бірімізге таратайық. (балалар алақандарын күнге тосып, жылытып, содан кейін ауыздарымен үрлеп бір - біріне, қонақтарға жылу таратады.)
Тәрбиеші: Өте тамаша. Бойымыз жылынып, көңіліміз көтеріліп қалған секілді. Ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетімізді әрі қарай жалғастырайық.
Балалар бір - біріне жақсы тілектерін білдіреді; (аспанымыз ашық болсын, нан көп болсын т. б.).
Тәрбиеші: Өте керемет айтылған тілектер, соның ішінде нан көп болсын тілектерің маған өте ұнады. Балалар, ендеше нан біздің ақ дастарханымызға қайдан келеді, білесіңдер ме?
Балалар жауабы: Дүкеннен анам сатып әкелді т. б.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар, ал ендеше мен сендерге нанның қайдан келгенін шынымен айтып берейін. Алдымен бір ойын ойнап алайық.
Тәрбиеші:Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын Көкөніс пен жемістер .
Тәрбиеші: Балалар күзде адамдар еңбектері де ерекше, кім айтады? Қандай еңбектермен айналысады.
Балалар:Егін орады, бау - бақшада көкөністер мен жемістерді жинайды т. б.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.
Тәрбиеші: Бәрі де дұрыс, бірақта нан бізге алыстан егін даласынан келген жоқпа. Жаңағы айтқандай еңбектің арқасы.
Балалардың тақпақтары:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Тәрбиеші: Міне балалар астығымыз, бидайымыз мынау. Ал, ендеше балалар тыңдаңдар!
Қызықты сәт:
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме балалар маған көмектесіңдерші. Мынау менің қолымдағы тағам өте тәтті екен, қайдан шықты, қайдан келді екенін білмеймін. Бұл тағамды берген адамнан шыққан жолын сұрасам өте қиын екен. Сендер маған оңай жолын айтыңдаршы?
Тәрбиеші: Тұра тұр қасеке, тұра тұр. Осы сен Егінші мен қасқыр ертегісінен келген жоқсың ба?
Қасқыр: Таңғалып, иә сендер мені қайдан білесіңдер?
Балалар: Бұл ертегіні апай бізге айтып берген.
Тәрбиеші: Ал, қолыңдағы тағам, бұл қасиетті нан. Жаңағы айтқан адамың, жай адам емес, ол егінші. Дәл қазір мен, балаларға нанның шыққан жолдарын айтып берейін деп жатыр едім, сен де тыңдап үйреніп ал. (модульдік технология бойынша түсіндіру).
Балалар: Тиым сөздер, тақпақтар, мақал - мәтелдер естеріне түсіріп айтып береді.
Қасқыр: Өте керемет! Енді білдім нанның соншама дәмді, тәтті екенін және шыққан жолында үйрендім.
Д о: Дәмінен біл .
Тәрбиеші: Міне балалар бір жапырақ нан жеу үшін қаншама еңбек ету қажет екен. Нан еңбекпен келеді. Балалар осы жерде еңбек жайлы мақал - мәтелдерді еске түсірейік.
Мақал - мәтел: Еңбек бәрінде жеңбек , Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей .
Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар балалар, тағыда бір ойын ойнайық.
Д о: Кім көп тағам атайды (көздерін жұмып нанның исін сезу).
Тәрбиеші: Нан туралы бір мысал келтіреді. Ендеше бізде еңбектеніп тәтті нан жасайық. Жасаған нанымызды қасқырға тарту етейік.
Балалар ермексазбен жұмыс жасайды.
Жасаған нандарын қасқырға дәм татуға береді. Қасқыр балаларға рахмет айтып, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне балалар, қасиетті нанның ақ дастарханға қалай келгенін білдік. Қасқырға да үйреттік. Нан біздің еліміздің негізгі байлығы оны қастерлеп, әрқашанда құрметтеуіміз керек.
Балалар:
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса – баспаңдар!
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тәрбиеші: Өте керемет айтылған сөз. Осы жерде егінші балаларға бата береді. Балалар келген қонақтарға дәм татқызады.


Скачать


zharar.kz