Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы (слайд)
Қазақ халқының салт дәстүрлері, оның ішінде бала тәрбиесіне байланысты бесіктің қастерлі де қасиетті бұйым екендігін жете түсініп, салт - дәстүрімізді қадірлеу
Болжам:
Егер ата - бабамыздан қалған қасиетті бесікті қадірлеп, оның құдіретін түсініп, еліміздің ертеңі болатын нәрестенің дені сау, салт - дәстүрге қанық болып өсетін еді.
Кіріспе
Қойнында халық ер жеткен
Қазақы бесік тал бесік
Тәуелсіз күнге жеткізген
Киелі бесік, ән бесік!
Бесіктегі нәрестенің дені сау, тәні таза, дене бітімі жарасымды, әдемі, сымбатты болып өсуінде киелі бесіктің құдіретті орны ерекше.
Дүниеге келгеннен бастап бесікке бөленген сәбидің өсіп жетілуі, мінез - құлық ерекшелігі, дем алу, ұйықтау, тазалық қасиеттері ерекше ұлттық тәрбиеге негізделген.
Қорытынды:
Мен болашақта ата - бабамыздан қалған салт - дәстүрлерді жаңғырту кезінде үлкен үлес қосамын дегім келеді.
Ғасырлар бойы өзін - өзі ақтап, атадан балаға мұра болып келген киелі бұйым бесікті халық арасында мейлінше насихаттай отырып, дүкендерде көптеп сатып, халық сұранысын қамтамассыз етуге жағдай жасар едім.