Апам үшін сөзі

Скачать

(Залға тәрбиешілер, балалар жарты шеңбер болып тұрады.)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар. Талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған Қазақ әнінің Қадыры атты әдеби-сазды кешіне қош келдіңіздер!
Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан .

Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата - ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағы да жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!
Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.
Ән Атамекен (Слайд - караоке)
Сөз: Қадыр МырзаӘлі
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.
І - жүргізуші. Құттықтау сөзі № 35 Шұғыла бөбекжай директорына беріледі.
І - жүргізуші. Ақын 1935 ж. 5 - қаңтар Орал облысының Сырым топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан шыққан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі.
Ән: Өз елім әні: Н. Тілендиев
сөзі: Қ. МырзаӘлі
Би: Астана
Жүргізуші: Шұғыланың шуағы бөлеп нұрға
Ән мен жырға тербеліңіз шын наздана
Шүғыланың киелі бұл шаңырағында
Өткізілімек оқулары Қадыр аға

Барлығымыз қуанамыз, мақтанамыз
Сіздерді қортындыға шаттанамыз
Әрдайым Қадыр аға өлеңдерін.
Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.
Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылық тарымен қаруланасың.
1 - бала:
Менің атам
Жүзі жарқын жан ізгі
Жан бар мекен атамдай!
Бірақ бала тәрізді
Тұрады әкем бата алмай.
. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген - Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана.
Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.
Арулана: Асыл әжем әнің тамашалаңыздар. 2 - бала Менің әжем
Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем
Айтып берер тағы әжем
Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем

3 – бала: Арман
Анамның мен баяғы
Жаратпаймын тарлығын
Шкафқа сап қояды.
Қант - шекердің барлығын.
Балалық тез-тез өтсе екен
Шығар едім ұшпаққа
Бойым өсіп жетсе екен,
Ең болмаса шкафқа.
4 - бала: Апам неге жылады
Көзі түсті апамның
Көзіндегі жасына
Белгісі ме қапаның?
Деп келдім мен қасына
5 - бала: Ән: Апам үшін сөзі: Қ. МырзаӘлі
6 - бала: Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,
Кең даламның жұпар иісі аңқиды.
Қуат алам сырға толы әуеннен,
Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.
Жүргізуші: №35 Шұғыла бөбекжай музыка жетекшісінің орындауында Қазақ осы әнің қабыл алыңыздар
Ән: Қазақ осы 7 - бала: Ұнатамын халық әнін сарынды,
Биіктеткен ой - санамды, арымды.
Ізгілікті әндерінен Қадырдың.
Парасаттың шұғыласы тарады.

Жүргізуші: Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын. Қ МырзаӘлінің мектеп жасына дейінгі балаларға арнап жазылған көптеген өлеңдері, жұмбақтары, санамақтары, мақал - мәтелдері, мазақтамалары көптеп саналады.
8 - бала: Асып - сасып
Бүгін қатты ұйықтаппын
Бір кез шошып ояндым
Сағат сегіз боп қапты
Қар басыпты үй алдын
Асып - сасып киіндім
Біздің одан үй алыс
Аптығыппын мен текке
Жетіп келсем демалыс
9 - бала: Бәріміз үшін бәрі де
Алғыс алды бірінші
Не істер еді тігінші
Етікші етік тігеді
Наубайшының нанын жеп
Наубай пешке күйеді
Етікшінің қамын жеп
Ола йболса бәріміз
Ел қажетін өтейік
Жасымыз бен кәріміз
Жұмыла еңбек етейік!
10 - бала:
Тігіншінің қолындай
Еркін ұстап инеңді
Тірі жанға жалынбай
Еркін ұстаймын инеңді
Кір жуамын, ілемін
Оған әжем күлмейді
Мен тоқи да білемін
Оны кей қыз білмейді.
11 - бала:
Дұрыс па, бұрыс па?
Сағат бірден асыпты
Апам іске асықты
Бұрын мұндай болмаған
- От жақ!- деді ол маған
Кеуіп жатқан қу қидың
Үстіне әкеп су құйдым
Көріп қалып бұл істі
Апам маған ұрысты.
- Күлдірген - ау, Күлдірген,
Мынауың не бүлдірген
Тез жансын деп мұндайда
Көмірге су құймай ма?

Ән: Апатайым анашым
12 - бала:
Досым екеуміз
Шекіссек те екеуміз
Үйге жылап қайтпаймыз
Сөзімізге бекембіз
Апамызға айтпаймыз.
Естімесе өздері
Айтып қанша қажеті
Біліп қойса біздерді
Ойнатпайды бір жеті.!
13 - бала
Сыр
Түніменен ауырды
Түбі босап тістерім
Тауыстым бар сабырды
Білмеді апам не істерін.
Айтып жатты атама
Не болды екен? - дегенін.
Белгісіз - ау апама
Тәттіні көп жегенім.
14 - бала: Тазалық
: Сыпырғыш ап сыбанып,
Шаң - тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
Бір жалған жоқ сөзімде
Еден айна сияқты
Үйге енді өзім де
Сүртіп кірем аяқты.
Би: Домбыра
Жүргізуші: Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында .
Бұл апта бізге көптеп сабақ болды,
Алдымызға қоятын көп мақсат туды,
Сол үшін алғыс айтып педагогтар
Сіздерді ортамызға шақырады..
Қадыр елі, Қадыр жері - Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз деп бәріміз бірге Нұрғиса Тілендиев ағамыздың Өз елім атты әнін осы әдеби сазды кешін бірге орындап аяқтайық. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Ән: Өз елім (Слайд - караоке)
Арман - арман шұғыланың нұры арман
Шұғылаға әу бастан ақ бақыт қонған
Сіздерге де тілейміз қуанышты
Шұғыланың сиқырлы сыр сандығынан
Ән: Атамекен сөзі: Қ. Мырзалиев
Әні: Е. Хасанғалиев


Скачать


zharar.kz