Сабақтың тақырыбы: Түртүзілудің жолдары және жылдамдығы. Географиялық және экологиялық түртүзілу (11 сынып)
Сабақтың мақсаты: Түртүзілудің жолдары және жылдамдығын сипаттау;
Географиялық және экологиялық түртүзілумен танысу;
Түртүзілуге сыртқы экологиялық әсерлерді түсіну.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар:
Түртүзілудің жолдары және жылдамдығын сипаттайды;
Географиялық және экологиялық түртүзілумен танысады;
Түртүзілуге сыртқы экологиялық әсерлерді түсінеді;
топта жұмыс жасап, өзара қарым – қатынас құзіреті дамиды;
бірлесе отырып оқу арқылы жаңа білім меңгеріледі.
Түйінді идеясы: Сыни ойлауы мен түйінді ой жеткізуі қалыптасады
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау; домино ойыны арқылы топтастыру, жеке және топтық жұмыс, Кім жылдам әдісі, Блиц - турнир сұрақтары
Блум бойынша (білу, түсіну, талдау, жинақтау, қорытындылау, бағалау)
Ресурстар: смайлик, маркерлер, плакаттар, оқу әдістемелік құралдар.
Бағалау: табыс критерийлері бойынша, бағалау шарты, парағы
Сабақтың барысы:
Кіріспе
1. Мұғалім амандасады, оқушыларды түгелдеп,
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді – деген Төле бидің сөзімен сабақты бастайды.
Содан соң топ бойынша Кім жылдам әдісі бойынша сұрақтар ұсынылады.
1. Бейімделушіліктің қандай түрлері бар?
2. Бүркеніш рең дегеніміз не?
3. Сақтандырушы рең дегеніміз не?
4. Қауіп төндіруші реңге мысал келтір?
5. Түйсік – сезімдік бейімделу дегеніміз не?
6. Ұрпағына қамқорлықты қалай түсінесің?
Таныстырылым
Блум б ша
білу, түсіну кезеңі.
Мұғалім тақтадан бірнеше сөздер мен суреттер көрсетеді де Ой қозғау жүргізеді. Оқушыларға сұрақтар бере отырып, олармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды,
Домино әдісі арқылы түрлі - түсті парақтар бойынша топтастырып, сол парақтардағы тапсырмалар бойынша жеке мәтінмен жұмыс жасауды талап етеді.
Жеке дәптермен жұмыс жасап, топта мәтінді бөлімдерге жіктеп талдау ұсынады.
Негізгі
Бөлім
Блум б ша
талдау кезеңі
10 мин
1. Мұғалім жаңа тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасатады, топтық жұмыс ұсынады.
Постерде негізгі мәселенің сипатын ашу тапсырылады.
Постер жасау
2. Сергіту сәті ЗЗ ойыны
Бұл ойын топ оқушыларын ынтымақтастыққа, сыйластыққа, бірін - бірі тыңдай, түсіне білуіне көмектеседі.
Ойынның шартымен таныстырады.
3. Жоба қорғау Білгенге маржан... бойынша
4. Басбармақ әдісі бойынша топтық жұмысты бағалайды.
Қорытынды
Қорытындылау кезі
Бағалау
Бағалау кезі
1. Мұғалім сабақты Блиц - турнир сұрақтары арқылы материалды қорытындылайды.
- Түртүзілудегі георафиялық оқшаулану дегеніміз не?
- Түр түзілу түр тармағы арқылы жүзеге асырылатынын кім анықтап еді?
- Мутация ілімінің негізін кім қалады?
- Дивергенция дегеніміз не?
- Аллопатриялық түртүзілу деп нені айтамыз?
- Симпатриялық түртүзілу қалай аталады?
2. Үйге тапсырма: §25 тақырыпты мазмұндау.
Ерекше тапсырма. Түртүзілуге байланысты хабарлама немесе презентация жасап келу.
3. Жинақты баға қою. Бағалау парағын алып жинақты баға қояды.
4. Кері байланыс стикердегі диалог не се екі жұлдыз, бір тілек.
Астана қаласы,
№84 мектептің биология пәні мұғалімі
Сулейменова Зуара Байгараевна