Ана тілім - құралым

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сауатты
жазуға дағдыландыру.
Тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін
кеңейтуге үйрету.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық, сын тұрғысынан ойлау т. б.
Көрнекілігі: Топпен жұмыс, суреттер, сызбалар, ойындар, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезеңі
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
I топ. Тапқырлар
II топ. Ойшылдар
III топ. Ақылдылар
Әр топ тілге байланысты 3 шумақ өлеңін айтады.
I топ.
Ана тілім – ұраным.
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр – әнім.
II топ.
Ардақты ана тілі – туған тілім,
Тербеліп ақ бесікте сезгем үнін.
Мән беріп, қазағымның әр сөзіне
Ой түйіп, жинақтадым терең білім.
III топ.
Қаның, жаның – тіліңде,
Арың, нәрің – тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
II. Мағынаны тану кезеңі
I топ.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің түрлерін ата.
II топ.
1. Септік жалғаулар дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
III топ.
1. Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде қандай ерекшеліктер болады?
2. Дәрігер сөзін жікте.
III. Жаңа сабақ
а) Етістік туралы не білеміз?
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
ә) Сөз таптары, оның сұрақтары айтылады.
б) Адасқан сөздер ойыны.
в) I топ.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
II топ.
1. Болымды етістік дегеніміз не?
2. Болымсыз етістік денеіміз не?
III топ.
1. Негізгі етістік дегеніміз не?
2. Туынды етістік дегеніміз не?
г) I топ. II топ. III топ.
Дара Күрделі Дара Күрделі Дара Күрделі
сыз... жыр... шақырды...
жүр... би... жауды...
бар... ой... өсті...
тұр... шеге... тазалады...
күл... ұсақ... оқыды...
д) Оқулықпен жұмыс:
380 – жаттығу. Әр топ 2 сөйлемнен жазып, етістікті тауып, астын сызады.
Пантомимо ойыны
I топ.
Мен ұйқыдан тұрып, жуынып, тамақтандым.
II топ.
Біздер ән айтып, биледік, шапалақтадық.
III топ.
Мен сабақ оқыдым, жаздым, отырдым.
и) Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең табарсың .
***
Ақ түсті бояуы,
Дауылы, бораны
Айналаны орайды,
Ақ түс басып даланы.
Күрделі сөздерді табу. III топқа тапсырма.
IV. Қорытындылау
Кестемен жұмыс
Етістік Дара Күрделі Болымды Болымсыз Негізгі Туынды
Ұшты
Жазып
Отыр
Кел
Барды
Оқы
Тұрып
Кетті
V. Үйге тапсырма: 383 – жаттығу.
VI. Бағалау. Мадақтау


Скачать


zharar.kz