Жуан сұрақтар

Скачать

(5 сыныпта қазақ әдебиетінен өткен сабақ жоспары)
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов: Қозыкүрең
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін тексеру, әңгіме мазмұнын талдау арқылы тереңірек меңгерту;
Тәрбиелілігі: адами сезімді қастерлеу, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу; Дамытушылығы: әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, өз бетінше іздене білуін, өзіндік пікірін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, шығармашылық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, тірек сызбалар, кесте, суреттер;
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу. Реттілік.
Тренинг – Таныстыру
Сыныпты алға шығару, оқушылар шеңбер болып тұрады, өздерінің есімдерінің бас әріптерін сын есімдермен тіркестіріп айтып шығады: Мен - ақылды Аружанмын. Мен - жібектей Жұпармын. Мен - батыл Бекжанмын. Мен - әдепті Әлібимін....
Үш түрлі конфеттер таңдату арқылы сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жуан – жіңішке сұрақтар – Қозыкүрең әңгімесі бойынша үш топ мүшелері бір – біріне сұрақтар қояды.

Жуан сұрақтар – оқушыны ойландыратын, өз ойын, пікірін айтатын сұрақтар болу керек, Жіңішке сұрақтар – жауабы мәтін ішінде бар, жеңіл сұрақтар;

Үлгі: Жуан сұрақтар – 1. Ағыбайдың бөтен елге баруы дұрыс па?
2. Әке аманаты дегенді қалай түсінесің?
3. Ауылда Саяқбай сияқты жылқы малын жақсы білетін адамдар бар ма?
Жіңішке сұрақтар – 1. Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған қандай жағдай еді?
2. Әңгімедегі Ержан мен Ерқанаттың Ағыбайға қандай туыстығы бар?
3. Қозыкүреңдегі өзгерісті алдымен байқаған кім?

2. Қозыкүрең әңгімесі бойынша Түсініктеме күнделігін толтыру
1 - ші топтың жауабы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ихсанова Шолпан Қуанышқызы


Скачать


zharar.kz