Шешеннің айт

Скачать

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім)
есту қабілеті бұзылған балалар мектеп - интернат - колледжі
Б. Е. Айтқалиева

Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі (слайд)
Сабақтың өтілуі
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Тіл жаттығулары
III Үй тапсырмасын тексеру
IV Жаңа сабақ түсіндіру
V Деңгейлік тапсырмалар
VI Оқулықпен жұмыс
VII Танымдық тапсырма

Есімше – септеледі, көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі
Есімдерше
Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп ( септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады.
Етістік

Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1. – ған,- ген, - қан, - кен: айт - қан, жаз - ған, көр - ген, кет - кен
2. – ар, - ер, - р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін – с:
айт - ар, жаз - ар, көр - ер, көр - ме - с
3. – атын, - етін, - йтын, - йтін: бар - атын, кел - етін, қара - йтын, сөйле - йтін
4.- мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек
Мысалы: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес
Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар
Жүгірген - түбірі - жүгір, ген - қосымша, қимылдың белгісін білдіріп тұр.
жетпес - түбірі - жет, пе - болымсыз етістіктің жұрнағы, с - қосымша, қимылды, іс - әрекетті білдіріп тұр.
ойнаған - түбірі - ойын - зат есім,- а - зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ, ған - қосымша, қимылдың сапасын білдіреді.
озар - түбірі - оз, ар - қосымша, қимылдың сапасын білдіріп тұр.

“Деңгейлік тапсырмалар” Кім қалай орындайды?
І деңгей
Тапсырма: Берілген сөйлемдердегі етістіктерді есімшеге айналдырыңдар

Берілген сөйлемдер
Қоңырау соғылды.
Ақындар айтысы.
Ақша төленді.
Тас қаланды.
Шам сөнді.

Есімшеге айналған түрі
Үлгі: Соғылған қоңырау

Тапсырма: Көп нүктенің орнына есімшенің тиісті жұрнақтарын қосып жазыңдар
Төре ауылы кел... де сары бала сондай қуан....
Ақыл айт... ту... дар. Тоқтама... дүниенің дөңгелегі. Шешеннің айт... дары, көпке кет....
(- ген, - ған, - ар,- ған, - с, - қан,- ер)

ІІ деңгей
Тапсырма: “Баратын” сөзін септеңдер
А. с не? Баратын
І. с
Б. с
Т. с
Ж. с
Ш. с
К. с

Тапсырма:“ Айтар” сөзін жіктеңдер
Жекеше
І. мен айтар
ІІ. сен
сіз
ІІІ. ол

Көпше
І. біз
ІІ. сендер
сіздер
ІІІ. олар

ІІІ деңгей
Тапсырма:“ Білген” сөзін тәуелдеңдер
Оңаша тәуелдеу
І. Біл - ген -
ІІ.
ІІІ.

Ортақ тәуелдеу
І. Біл - ген -
ІІ.
ІІІ.

“Оқулықпен жұмыс”
167 - жаттығу. Қарамен жазылған есімшелерді тұлғасына қарай талдаңдар
баққанымыз –
көріп отырған -
қорыққаннан -
тарылтатын болып отыр -
шолған -
азық болатын -
қиындап бара жатқанын -

“Танымдық тапсырма” (семантикалық карта)
(Кесте)
“Венн” диаграммасы
Есімше
Көсемше
Ортақ белгісі

“Қорытындылау”
Біз қандай тақырыппен таныстық?
Сабақта не істедік?
Қандай тапсырмалар орындадық?


Скачать


zharar.kz