Ойын тапсырмалары. Жаңа сабақ

Скачать

Математика 1 сынып
Тақырыбы: Бекіту.
Мақсаты: а) Оқушылардың өтілген сандар бойынша қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, сандар қатарын, санның құрамын тура және кері санауға үйрету.
ә) Ойын есептер арқылы ойлау қабілетін, ой-өрісін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.
б) Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу, ұқыптылыққа,тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: топпен жұмыс, түсініктер, ойын.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, сандар, тапсырмалар, суреттер.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасы.
Жаңа сабақ.
Ойын тапсырмалары.
Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс.
Қорытындылау.
Оқушылардың назарлары сабаққа аударылады.
Үй тапсырмасын сұрау , тексеру .
- Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы : Бекіту деп аталады .Бүгін біз өткен сандар бойынша қаншалықты деңгейде меңгергендерімізді анықтаймыз. Өтілген сандарымызға байланысты көптеген тапсырмаларды орындаймыз. Сол себепті біз бүгін сабағымызды ойын түрінде өткіземіз.


Скачать


zharar.kz