Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру. Дара және күрделі етістіктің жасалу ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Ойын, пікірін еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, ізденімпаздыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта венн диаграммасы, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру
1) Психологиялық дайындық
Балалар, қазір бізде қазақ тілі сабағы. Осы сабаққа қандай дайындықпен келдіңдер?
Қуан шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, балақай,
Күліп шықсын күн бүгін!