Ең әуел керек нәрсе иман - деген, Ақырет iстерiне (ишларына) инан

Скачать

Ең әуел керек нәрсе иман -деген,
Ақырет iстерiне (ишларына) инан! - деген!
Құдай кешiрер! -дегенмен, iс бiтпейдi,
ИМан шартын бiлмесе, есен(ибан) - деген.

Екiншi керек нәрсе- ғақыл –деген.
Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр! -деген.
Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар,
Иманын кәпiрлiкке сатар!ң-деген.

Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр! -деген,
Сабырлысы Мұратын табар! -деген.
Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле салар! -деген.

Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр -деген,
Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр! -деген.
Жатқан жерден: Құдай кешiр! - деген-қорлық,
Себеп iздеп тура жолмен жүгiр! -деген.

Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп - деген,
Әдепсiзде иман тұру ғажап! -деген.
Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген Махаббатқа себеп! -деген.


Скачать


zharar.kz