Әріпті мамандық сайысы

Скачать

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы
Ермекқызы Қымбат

Менің мамандығым - менің болашағым

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
1. Кіріспе сөз.
2. Шаттық шеңбері
3. Мен таңдаған мамандық
4. Мамандықты тап ойыны.
5. Әріпті мамандық сайысы
6. Ең - ең... (ойын)
7. Мейірімділік алаңы (жаттығу)
Қорытынды.
Барысы:

1. Кіріспе сөз: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Бүгінгі 9 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған
500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың? деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Бүгінгі тренинг сабағымыздан әр қайсыларың мамандық таңдау мәселесі бойынша толық мағлұмат аласыңдар.

Психолог: Айтыңдаршы, балалар маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әр топ өздері қалаған мамандық туралы қысқаша ақпарат беріп шықсын.

2. Шаттық шеңбер құру

3. Мен таңдаған мамандық әр топтағы оқушылар таңғадаған мамандықтары туралы ақпарат беріп, слайд арқылы қорғайды.

4. Мамандықты тап ойыны. Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик

5."Әріпті мамандық" сайысы
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
“А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.
“М” әрпінен басталатын мамандық.

6. Ең - ең... (ойын)
Ата - аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен
7. Мейірімділік алаңы (жаттығу)
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан (қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер) таратылады. Гүлдерге – оқушылар, жасыл шөптерге – ата - аналар, күннің шуақтарына - ұстаздарға арналған кәсіби таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.
Дәйексөз
Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз
К. Д. Ушинский
Алдымызда тұрған Алма ағашына әркім өзіміздің болашақ мамандықтарымызға немесе болашақтарымызға байланысты армандарымызды ойлап алмаларды ілеміз.
Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін - өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым - қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой - ниеті салмақтана түседі.
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез - келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет.
• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың кеңдігі жақсы.
• Ата - аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.

8. Қорытынды бөлім:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес. Балаңызға, мамандық таңдауда қадірменді ата - ана ақыл қосар ақылшысы екеніңізді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңізді, яғни ертеңгі күнгі сүйеніш - тірегі екеніңізді ұмытпаңыздар. К. Д. Ушинский: Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз


Скачать


zharar.kz