Проценті бойынша санды табу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
1. осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу, тақырыбын тиянақтау;
2. Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
3. Проценті бойынша санды табудың әртүрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, тірек сызба тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: білім бекіту сабағы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.
Қазақ халқында ұлттық ойындар көп Соның бірі Асық ойыны
Ой ойласаң кең ойла, Екі жағын тең ойла
Асық саны есебі
Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: Қанша асық ұттың? – дейді.
Ол: - Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.
Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып. Ең көп асық ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала.
Ойыннан соң кімде неше асық қалды?
Мұғалім жетелеуімен. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру үшін, мына сызбаға назар аударайық:
Микрокалькуляторды пайдаланып, проценті бойынша санды табуды, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын үйренейік.
1. Мысалы, 25% - і 175 - ке тең санды табу үшін:
- Микрокалькуляторға 175 санын енгізу керек;
- клавишін басу керек;
- Микрокалькуляторға 25 санын енгізу керек;
-% клавишін басу керек;
- Сонда индикаторда 700 саны көрінеді. 700 саны ізделінді сан. 25%- і 175 - ке тең санды табу үшін программасы: 175÷25% болады
Өз бетімен.
1 - тапсырма. Бөлінгіш бөлгіштің неше проценті: 1) 1: 2; 2) 3: 4; 3) 2: 5; 4) 1: 5;
2 - тапсырма. Мектеп ккітапханасында 2890 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптың 85 %- і.
Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар

ІІ Операциялық - орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс:
№ 1314, № 1321, №1324
Оқулықтан тыс тапсырма.
700 г йодтың спирттегі ертіндісінде йод 119г. Ерітіндінің концентрациясы неше процент
1) Мектепте спорттық үйірмелерге 80 оқушы қатысады. Олардың 24 - і еркін күреске қатысады. Мектептегі спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылардың неше проценті еркін күреске қатысады?
Шешуі. х - еркін күреске қатысатын оқушылардың процент саны.
80 оқушы ------------- 100%
24 оқушы ------------- х%
Х=24*100: 80=30%
Жауабы: 30%
Осы есепке қарап, мына екі есепті шығарайық:
2) Домбыра жасайтын шеберхана бір айда 8 домбыра жасауы керек еді. Олар бір айда 2 домбыраны артық жасады. Домбыра жасайтын шеберхана бұл айда жоспарын неше процент орындады?
3) Тіктөртбұрыштың ауданы 90дм2. Ұзындығы 15дм. Тіктөртбұрыштың ені ұзындығының неше проценті?

III. Рефлексиялық – бағалау кезең.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Проценті бойынша санды қалай табады?
2. Микрокалькуляторда проценті бойынша санды табу программасын түсіндіріңдер.
3. Бөлінді бойынша бөлінгіш неше процентін құрайтынын қалай табады? Оны микрокалькуляторда есептеу программасын жазыңдар.
Үйге тапсырма: № 1325, №1326, №1327.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz