Бала Абайға мінездеме беру

Скачать

Тақырыбы: Бала Абай
Мақсаты: Ұлы ақын Абайдың балалық шағымен танысу.
Білімділігі: Оның бала кезінен зерек ақылды болғанын түсіндіру.
Дамытушылығы: Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру, сыни тұрғыдан ойлау, пайымдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Шығармашылықпен жұмыс жасауға Абай өсиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Сын тұрғысынан ойлау бағыттарымен жұмыс жасау.
Әдісі: Модельдік дамыта оқыту.
Көрнекілігі: Ыбырай, Мұхтар, Абайдың портреттері, тірек сызбалар, кестелер.
Жүрісі:
1. Ұйымдастырушы.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Танып білу кезеңі.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
Ғ. Қайырбеков Алғашқы қоңырау (3 оқушыға оқыту)
ә) Өткенді қорыту.
Сұрақтарға жауап беру арқылы Ыбырай сөзін шығару.
1. Ы. Алтынсарин қай облыста туған?
2. Ы. Алтынсарин қандай оқулық жазды?
3. Ыбырай ата балаларды неге шақырды?
4. Оқу - білім туралы бір мақал айт?
5. Ы. Алтынсаринның қандай өлең, әңгімелерін білесің?
6. Кел, балалар оқылық! өлеңін айт.
б) Ыбырайға мінездеме беру.
3. Біріктіру кезеңі.
Бұрынғы білім мен жаңа білімді біріктіру.
Бұрынғы білім. (білетіндерін еске түсіру)
1. М. Әуезоа кім?
2. М. Әуезовтың қандай әңгімесімен таныстық?
3. А. Құнанбаев кім?
4. Абай атаның өлеңдерін ата.
Жаңа білім:
1. М. Әуезовтың өмірімі мен шығармалары.
2. Абай жолы роман - эпопеясының жазылуы.
Өмірбаян.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі және драматургі, қоғам қайраткері.
Мұхтардың атасы Әуез қарт Абаймен көңілі жақын адам болған. Ол атасымен Абай ауылына барып - келіп жүріп ұлы ақынның өнегелі сөздерін тыңдап өскен. М. Әуезов Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына шексіз қызмет етті. Оның әлемге тараған Абай жолы роман - эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра.
4. Түсіну кезеңі
Біз бүгінгі сабағымызда сол Абай жолы романынан үзіндімен танысамыз. Сабақтың тақырыбы Бала Абай
а) Сөздік жұмысы. (өздерінен сұрау)
ынтыға тыңдауы - құмартып тыңдау.
ұғымтал, зерек - алғыр, тез түсінеді.
ә) Мәтінмен, мазмұнымен таныстыру.
б) Оқушыларға оқыту.
5. Ой дамыту кезеңі.
а) Даптерге кейіпкерлердің аттарын жаздыру; (Бала Абай, әжесі, анасы Ұлжан, Барлас, Байкөкше)
ә) Әңгімені үш бөлімге бөліп ат қою.
1. Әже әңгімесі.
2. Ауылға келген қонақ.
3. Барлас ақынның бағасы.
б) Бала Абайға мінездеме беру.
в) Проблемалық сұрақ.
Барлас ақынның Абайға берген бағасы дұрыс болды ма? Абай кім болды?
6. Түйсіну кезеңі.
Моделдік қорытынды.
Тақырып Бала Абай
Автор Мұхтар Әуезов
Мәтіннің түрі Әңгімелеу
Кейіпкерлер Бала Абай, әжесі, Ұлжан, Барлас, Байкөкше
Негізгі идея Бала Абайдың ақылды, зерек болғанын білу
Қорытынды Барлас ақынның Абайдың бойында мол дарынның бар екенін білуі.
7. Сабақты бекіту.
а) Абайдың ұлы ақын болғанын айту.
ә) Абайдың Адам болам десеңіз өлеңі айттыру.
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма.
А) Мәтінді оқу, мазмұнын білу.
ә) Абай атаның нақыл сөздерін жазу, жинау.


Скачать


zharar.kz