Мүлікке салынатын салық

Скачать

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды сәлемдесу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
3. Сыныпты топқа бөлу
Білім тексеру:
1. Қаржы дегеніміз не?
2. Бюджет дегеніміз не?
Жаңа сабаққа дайындық:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
4. Жаңа сабақ:
Мемлекеттік бюджеттің табыс көздері
Салық - мемлекеттік бюджетке пайда мен жалақыдан аударылатын ақшалар.
Салық - бюджеттің негізгі көзі.
Салық та мемлекетпен бірге пайда болады. Салық жинамай, мемлекет өмір сүре алмайды. Өз әскері немесе ұлттық валютасы жоқ елдер де болуы мүмкін. Бірақ өз азаматтарынан салық жинамайтын мемлекет болмайды. Тарихта ондай мысалдар келтірілмеген. Көптеген жылдар Қазақстанда өзінің салық жүйесі болды. Бай жерінде көшіп жүрген малшылар малдың 1 20 бөлігі және астықтың 1 10 бөлігіндей жер рентасын төледі. 17 - ғасырда өмір сүрген қазақ ханы Тәуке Тәуке Заңдары немесе Жеті Жарғы деген атпен белгілі заңдар жинағын қалдырды. Онда баж салығы мен салықтар төлеу тәртібі туралы айтылған.
Мемлекет салықты төлеуден бас тартуды қылмыс деп жариялайтын заңдар шығарады, сондықтан салықтарды барлық адамдар, а төлеуге тура келеді. Кейде ертеде мемлекет қазынаны толтыру үшін қызық және ерекше салақтар ойлап тауып отырған. Мысалы, Ресей тарихына қалтасына ұру арқылы өз бодандарын күн сайын қырынуға үйрету үшін Петр I патша енгізген сақалға салынған салық туралы әңгіме мәңгілікке енді. Осындай салықты төлеу арнаулы жетонмен дәлелденетін болған. Оны салық төлемегені үшін сақалды өзімен алып жүретін болған.
Салық - бұл азаматтар немесе фирманың жалақы немесе пайдадан мемлекет пайдасына төлейтін міндетті төлемдері.
Барлық адамдардың жартысына жуығы 1. табыс салығы құрайды - оны барлық азаматтар мен кәсіпорындар төлейді. Салық мөлшері жыл бойы алынған табыс көлеміне байланысты болады. Мемлекет бюджетіне түсетін басқа салықтар да болады. 2. мүлікке салынатын салық – өндірістік және тұрғын - үй ғимараттарына ие барлық азаматтар мен кәсіпорындар төлейді. Машина, катер, яхта, ұшақ, автобустар сияқты көлік құралдарының автолары. 3. көлік құралдарына салынатын салықты төлейді. 4. Акциздік алымдар - бұл шарап - арақ және темекі бұйымдарын немесе автомобильдер, натуралды теріден жасалған бұйымдар, асыл металдардан жасалған зергерлік әшекейлер сияқты қымбат тауарларға салынатын салық. Біздің елімізде осындай тауарлардың 20 - ға жуық атаулары кездеседі. Басқа елдерде осындай тауарлар саны басқа да болуы мүмкін.
5. Кедендік баж салығы да мемлекет бюджетіне түседі.
Оқушылардан кедендік баж салығы дегеніміздің не екенін еске түсіріп, түсіндіруді сұраймыз.
Бүгінгі өтілген материалдарды сұрақтар қою арқылы қорытындылаймыз.
Сабақты қорытындылау:
1. Салық дегеніміз не?
2. Мүлікке салынатын салық?
3. Салықтың түрлері?
Үйге тапсырма

Бағалау
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
1. Бүгін не үйрендім?
2. Маған не ұнамады?


Скачать


zharar.kz