Армысыздар балалар

Скачать

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой - өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отаныңның адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

1 - бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар. Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ. Әніменен жырына тарландарым сал құлақ. Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан. Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2 - бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер.
1 - 2 – жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1 – жүргізуші Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
Білім көзі деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 ә сыныбының Аттанайық бала шақтан болашаққа атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 ә сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)
1 - жүргізуші: Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақаның – дей келе
мектебіміздің директоры Жұматаев Мұхтар ағайға сөз берейік.
2 – жүргізуші:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.- дей келе тойымыздың алғашқы бөлімі Рахмет саған, бастауыш мектебім деп аталады.: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
Перизат: Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр - ау!
Бекдәулет: Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Гүлжан: Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.

Сағынай: Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.
Жандияр: Бастаушым - балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам - шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Бәрі бірге: Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Хор: Қош бол, бастауыш мектеп (ән)
Бастауышпен қоштасу салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі Төлепова Салтанат апайға береміз.

2 – бөлім
1 – жүрг: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі, пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Түрлі - түрлі пәндерді де, оқитын болдық ержетіп,
Қателік болса жіберген түзетелік тездетіп,
Мықты болса ұстазың, мінді өзіңнен іздегін,
Игере алмай қиналсаң, біреуден көріп жүрмегін - деп келесі бөліміміз Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар деп аталады.
2 – жүрг:
Біз бастауыш сыныпта Талаппек пен Зерделінің тапсырмаларын да бірге орындап отырдық. Міне, біздің бүгінгі тойымызға Талаппек пен Зерделіде келіп отыр. Ендеше Талаппек пен Зерделіні қарсы алайық.
Талаппек: Армысыздар балалар!
Зерделі: Армысыздар халайық!
Талаппек: Міне, бізбен бірге тапсырмаларды орындап отырған тағы бір қарлығаштарымыз жоғарғы сыныпқа ұшқалы отыр. Бүгін міне ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болдыңдар.
Зерделі: Бізді сендерге балалардың бесінші сыныпқа барардағы дайындығын тексер деп Білім ханшайымы жіберді. Бізге білімдеріңді өсиет сөздер, әр пәннің маңызы туралы айтып берсеңдер
Рахат: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
Меруерт:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
Мәншүк:
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
Қайсар:
Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Перизат: Сөйлеме тілім, бұлтарып,
Өзіңді сөз ет – ұлт арын.
Түтінін тілдің түзу қыл,
Гүлденсін десең ұрпағың.
Ана тіл – кәусар бұлағым,
Қана алмас сенсіз құмарым.
Әр әрпің маған – бір - бір тау,
Шыңыңа қалай шығамын?
Тіліңе берік байланғың,
Тіл – айдын, келіп жайланғың.
Аққудай аппақ арымсың,
Ана тіл, сенен айналдым!
1 - жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.

2 - жүргізуші:
Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқаны,
Төлебидің тауып айтқан,
Ұлағатты сөздерінен нәр алдық.
Олай болса Қария мен бала көрінісін тамашалайық

1 - оқушы: Ата, ата, арман деген не?
1 - ші қария: Арман дегеніміз - ақыл - ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді
2 - ші қария: Дос табу оңай ма?

2 - оқушы: Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
2 - ші қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың
3 - ші қария: Үйдегі алтын қазығың кім?

3 - оқушы: Ата, үйдегі алтын қазық - бала
3 - ші қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем
4 - ші қария: Өмір сүру үшін не қажет?

4 - оқушы: Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет
4 - ші қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5 - қария: Адамға ақыл беретін кімдер?

5 - оқушы: Ата, ана тілі ғой ақыл беретін
5 - қария: Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, досы. Ата - ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі
ақылдан басталады
Талаппек: Рахмет сендерге, балалар! Өнерлі де шебер екенсіңдер. Мен Білім ханшайымына сендердің бесінші сыныпқа дайын екендеріңді айтып барамын.
Зерделі: Талаппек, өзің байқағандай балалардың мол білімді екендіктеріне біз де қуанып тұрмыз. Ақыл – ойларың, саналарың, білімдерің бұдан әрі толыға түссін.
Хормен: Білімімізді шыңдап биіктерге самғаймыз!

1 – жүрг: Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.- дей келе әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға,
жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімі Райсова Хадиша апайға береміз

3 – бөлім
1 – жүргізуші: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға ,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?
2 – жүрг: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. Мұғалім – мектептің жүрегі - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1 – жүрг: Дұрыс айтасың Айнұр, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2 - жүрг: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Олай болса, келесі тамашалайтын бөліміміз Ұстаз ұлағаты деп аталады.
Жауқазын: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.
Аймереке: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады -
Деуші едің,- біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Дамир: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан – мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
Бекдәулет: Отанның ұланын, Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
Сағынай: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
Ерасыл: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Досымжан: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Мәншүк: Атағым Алатаудай болса биік
Тұрса төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.
Аймереке: Әлі есімде мектепке келгеніміз.
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам
Ардақтап сізді өтем мен.
Мәншүк: Наших чувств нерастраченных чашу,
И живое дыханье весны,
И любовь, и признательность нашу
Адресуем Онайкуль Алдабергеновне мы.
Гүлжан: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Салтанат апай осындай.
Алижан: Сөз сөйлесе жарқын – ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой - сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Хадиша апай өзіңізге
Алғыс айтады түлегі.
Жауқазын: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, Бақытжан апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
Мұхамедәли: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Кенже апай, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

Дилназ: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Әсем апай
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.
Алижан:
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойсыз кейбір еркені,
Түзеп жүнге салдыңыз.
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай,
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Тұрғызбай - ақ бұрышқа,
Бастауыштың апайлары осындай
Бәрі бірге: Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
Хор Біздің апай осындай!
2 - жүргізуші:
Домбырашы қызымыз Перизаттың орындауында Ауылдағы той термесін тыңдаңыздар.
1 – жүргізуші:
Бастауыш сынып мұғалімі Кенже апайға сөз береміз
1 – жүргізуші: - Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды?
Бәрі: - Ұстаздың көрсеткен жолы,
- Ата - ананың ақылы
- Болашаққа деген сенім
2 – жүрг: Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш - әлім
Биікке самғап ұшармын. – дей келе алғашқы ұстазымыз
Жанар апайға сөз береміз(слайдтан көрсету)
1 – жүрг: Қане құрбылар бастауыш сынып мұғалімдеріне ант берейік!
1. Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға
2. Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға
3. Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге
Хормен: Ант етеміз!
2 - жүргізуші
Салтанатты тойымызға тілекші болып отырған ата - аналарға сөз береміз
2 - жүргізуші: Осымен Аттанайық бала шақтан болашаққа! атты кеш аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
1 - жүргізуші: Жұлдызыңды жақ!
Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші.
Жолдарыңыз болсын, түлектер!
Бірге:
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)
Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!


Скачать


zharar.kz