Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру салалар: Таным , Шығармашылық
Бөлімдері: Экология негіздері, Қоршаған орта, ҚМҰҚ, Құрастыру
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Мақсаты: Құстардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы туралы балалардың білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшықпен таныстыру. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру. Дамытушылық: Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру. Ой өрісін, логикалық ойлауын, дүниетанымын, сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Қанатты құстарға деген сүйіспеншілікке, қызығушылыққа, құстарға қамқорлық жасауға, күтіп баптауға тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: қыс – зима, қарға - ворона, сауысқан - сорока, суық торғай - снегирь, сары шымшық - синица, торғай - воробей.
Көрнекіліктер: қыстап қалатын құстардың суреттері, интерактивті тақта, ағаш, табиғи құралдар.
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне, еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастыру – іздестіру Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
- балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Кім жыл мезгілдерін атап береді?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінің айларын ата?
- Қазір қай ай?
- Қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп береді?
- Қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп береді?
- Кім қыс туралы тақпақтар біледі?
Балалардың жауаптары тыңдалады
- Енді балалар серігіп алайық
Жел уледі - у - у - у
Боран соқты - ду - ду - ду
Қатты – қатты жел соқты гу - гу - гу
Құстар қанат қақты ду - ду - ду
Шыдай алмай ақшақар ах - ах - ах
Билеп кетті пах - пах
- Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешесіңдер ме?
Жұмбақ
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын - шіркейдей
Табиғатты ол қорғаған
(құс)
- Балалар қараңдаршы мұнда не жасырылған екен?
- Дұрыс жыл құсы қарлығаш, ол жылы жаққа ұшып кетті, бірақта суыққа төзімді құстарда бар.
- Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай құстар қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.
- Қазір жұмбақ жасырамын сендер шешіп көріңдер Жұмбақ
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды
(қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (сауысқан)
- Сендер даладан қандай құстарды көресіңдер?
- Дұрыс ендеше құс туралы кім жаңылтпаш біледі
- Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз. Слайд көрсету.
Балалар бейнетаспадан шымшықтың әрекеті мен тіршілігін мұқият қарап, бақылайды. шымшықтың дене бөліктері мен түсі туралы айтып береді. сауысқанға ұқсайтын жақтары мен айырмашылығын айтып береді.
- Қыстап қалатын құстар: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшықпен таныстыру. Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына — жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп - қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады. Суық торғай – кеудесі қызыл, қанаттары көкшіл болып келген, ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.
Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді
шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.
- Балалар қыстап қалатын құстармен таныстық.
- Енді математикалық есеп шығарып көрейік.
- Ағаштың оң жағына қарға келіп қонды, қане Нариман қарғаны көрсет енді оны ағаштың оң жағына қондыр.
- Ағаштың жоғарғы жағына торғай келіп қонды. Қане Саяжан
торғайды тауып оны ағаштың жоғарғы жағына қондыр.
- Ағаштың сол жағына суық торғай келіп қонды. Қане Нұрислам суық торғайды тауып оны ағаштың сол жағына қондыр
- Ағаштың ортасына сары шымшық келіп қонды. Қане Аружан сары шымшықты тауып оны ағаштың ортасына қондыр
- Ағаштың төменгі жағына сауысқан келіп қонды. Қане Мұрагер сауысқанды тауып оны ағаштың төмен жағына қондыр
- Балалар ағаш нешеу?
- Құс нешеу?
- Көрдіңдер ме балалар олар бір ағашқа сыйып тату - тәтті өмір сүруде.
Есік қағылады топқа қарға ұшып келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар, менің көңіл күйім жоқ, өзіме дос іздеп жүрмін менің достарым жылы жаққа ұшып кетті.
- Сәлеметсің бе қарға, сен қам жеме біздің балалар саған жаңа достар тауып береді.
Жұмыс үлгісін көрсету
Балалардың дербес жұмыстары: табиғи материалдардан, киндрдан құстарды құрастырады
Сергіту сәті:(Саусақ жаттығуы)
Екі қарға кезікті ән айтты қар - қар - қар
Екі сауысқан кезікті ән айтты сақ - сақ - сақ
Екі торғай кезікті ән айтты шиқ - шиқ - шиқ
Екі көкек кезікті ән айтты көкек - көкек - көкек
Педагог жұмыстарын қадағалап, сұрайды
Қарға балаларға ризалығын білдіріп, рахмет айтып қоштасып ұшып кетеді.
Рефлекциялық – түзетушілік
Тәрбиеші балаларға Артығын тап ойының ойнатады
Ол балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрап сабақты бекітеді.
Қоштасу
Біз қарлығаш тобымыз
Доспыз бәріміз
Құстай қанат қағамыз
Биікке біз самғаймыз.
Келгендеріңізге рахмет
Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыстап қалатын құстарды.
Қандай түсініктерді игереді: Құстарды танып, ажырата алады, сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі,, адамзатқа, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшық
қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді, аязды күні құстарға адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды игереді, қамқор болады.