Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдерінің мазмұнын ашу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ұстаз – Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдерінің мазмұнын ашу.
Міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларды Ы. Алтынсариннің өмірімен шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталу, мағнасын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру адалдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білулеріне ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, мағлұмат, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, тірек сызба, кітаптар көрмесі.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
2. Кезекшімен жұмыс. Сыныпта кім бар кім, жоғын түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.
- Балалар, біз бүгін сабақта қазақтың ұлы ағартушысы, талантты ақын әрі жазушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысамыз. Сондай - ақ қазақ тілі, әдебиетінен біліктілігімізді жетілдіреміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1841 жылы – Ы. Алтынсарин Қостанай өңірі Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып. Орта жүзге белгілі атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болады.
1850 жылы – Орынборда қазақ - орыс мектебіне оқуға түседі, 1857 жылы мектепті үздік бітіріп шығады.
1860 жылы – Ыбырай Торғайда мектеп ашуға рұқсат алады, бірақ ауыл молдалары, жергілікті әкімшілік орындар мектеп ашуына қарсылық білдіреді.
1864 жылы – 8 - ші қаңтарда Ы. Алтынсарин басшылығымен Торғайда мектеп ашылды.
1879 жылы – Орынборда қазақ тіліндегі алғашқы оқулық Қазақ хрестоматиясы деген атпен басылып шықты.
1883 жылы – Торғай облысы бойынша мектеп инспекторы болып қызмет атқарды. Торғай қаласында қолөнер мектебін ашты.
1887 жылы – Ырғызда қазақ қыздар мектеп интернатын ашты.
Қазақ хрестоматиясы кітабы шықты. Бұл хрестоматия балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден тұрады.
Сергіту сәті. Ризашылық әні
Өлеңдер: тақпақ айту.
Кел, балалар, оқылық!
Өнер – білім бар жұрттар
Өзен
Жаз
Ыбырайдың өлеңдерінің негізгі тақырыптары өнер, білім, ғалым, табиғат әсемдігі жайлы айтылған.
Әңгімелері:
Әке мен бала
Таза бұлақ
Бір уыс мақта
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Бай баласы мен жарлы баласы
Бақша ағаштары
Әңгімелерінің тақырыбы: достық, адалдық, еңбек сүйгіштік, адамгершілікке арналған.
Тақтаға жазылған өлең, әңгімелерді оқушылар кезек-кезек оқып өздері білетін өлең жолдарын айтады.

Бақша ағаштары әңгімесінен көрініс.
- Балаларды кітап көрмесін таныстыру.
- Қаламыздағы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордаларымен таныстыру.
Жаңа сабақты бекіту.
Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік, тірек сызба арқылы қорыту. Оқушылар бір - бірден шығып оқып, толтырады.
Ұлы ағартушы
Жазушы Ғалым
Аудармашы Ұстаз
Балаларға арнап Ақын мектеп ашқан
IV. Үйге тапсырма:
V. Бағалау.


Скачать


zharar.kz