Әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялап отырмыз, мұқият танысып шығып керегіңізді алыңыз!
Пияз - сарымсақ: Асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%- ға азайтады.
Фасоль: Салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега - 3 миды және жүректі қорғайды. Cіңір тізімін реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.
Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін %30 - 50 арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега - 3 витаминіне бай болып табылады. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ каллориясы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Брокколи: Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.
Алма: Өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Құрамында сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Анар: Антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.
Көк шәй: Қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Қаражидек (черника): Қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Дерек көзі: