Бунақдененің жамылғысы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс
Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу және оларды ажырату .
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бунақденелілердің адам және ауылшаруашылық жануарларына ауру таратқыш ретінде түсінік қалыптастыру;
Білімділігі: Оқушыларды жыртқыш бунақденелілер түрлері және оларға қарсы күрес жүргізу әдістерімен таныстыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың оқулықпен, қосымша материалдармен жұмыс жасап, кластер, синквейн құруға дағдыландыру;
Тәрбиелілігі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы нұсқаулық картамен жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізуге, қорытындылай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: бунақденелілер жинақтамасы, бунақденелілер суреттері, кластер құруға арналған сөздер, нусқаулық карта, тесттік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Балалар, біз қандай жәндіктер типімен танысып жатырмыз?
Оқушылардың жауабы: Буынаяқтылар типі.
Мұғалім: буынаяқтылар типінің қандай кластарымен таныс болдық?
Оқушылар жауабы: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер.
Класс мұғаліммен бірге танысқан организмдердің систематикалық орындарын еске түсіреді.
Мұғалім: Біздер буынаяқтылар типіне жататын тірі организмдер тобымен танысуымызды жалғастырамыз.. Құрсақ бөлігі пышақпен мөлшерлеп кескендей бунақтардан құралғандықтан...
Оқушылар жауабы: Бунақденелілер деп аталады.
Мұғалім: Бунақденелілерді зерттейтін ғылымды қалай атайды? энтомология
Мұғалім: Балалар, өздеріңді энтомолог деп, ал мына класымызды зерттеулер жүргізілетін зертхана деп есептеңдер. Зерттеулер жүргізу үшін топқа бөлінейік.
Класс жәндіктер атауы бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топ 1 нұсқаулық карточка таңдап алады. Жұмысқа 10 минут уақыт беріледі. Әр топтың жауабына 3 минут уақыт беріледі.
2 Үй тапсырмасы
1. Бунақденелілерде неше жұп аяқ болады? 3 жұп
2. Аяқтары дененің қай бөлімінде орналасады? Кеуде
3. Ұшатын бунақденелілерде қанаты қайда орналасады? Кеуде бөлімінде
4. Бунақденелілердің бас бөлімінде қандай мүшелер орналасқан?
Күрделі көз (фасет көздер)
Мұртшалар
Ауыз мүшесі
5. Араның ауыз аппаратының типін анықтаңыз Кеміріп - жалағыш
Кеміруші – қоңыздар Сору түтігі - көбелек
Шаншып - сору – маса Жалағыш - шыбын

3 Ой қозғау
Нұсқаулық карта №1
Тақырыбы: Адамға ауру тудыратын, ауру таратқыш – бунақденелілер.
Тапсырма: Қосымша материалды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру. 1. Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау.
2. Бөлме шыбыны қандай ауру тудыруы мүмкін?
3. Осы бунақденелілермен қандай қарсы күрес жүргізу әдістерін білесің?
4. Қандай жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін білуіміз қажет?

Шыбын — көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін, полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай - ақ олар ішек - қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына (жылы үй - жайларда) өсіп - өнгіш келеді. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық. Үй - жайларда шыбынның өсіп - өнуіне жол бермеу үшін ас - судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс - қалдықтарды қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора - қоп сының таза болуын қадағалау; көңді уақытында шығарып, мал жеміне деген қалдықтарды жабық ыдыста сақтау қажет. Шыбын құрттарын жою үшін қоқыс салатын жәшіктердің астын, маңайын 10 күнде бір рет карбол қышқылымен (1 шаршы метрге 1, 5 л есеппен) немесе хлорофостың суға еріткен 3%- тік ерітіндісімен дәрілейді. Дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлы ардағы шыбын құрттарын жою үшін олардың үстіне құрғақ хлорлы әк — 1 шаршы метге 1 кг немесе хлорофостың суға еріткен 3%- тік ерітіндісін себу керек.
Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын - шіркейлер, маса - соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шағып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.
Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады

Нұсқаулық карта №2
Тақырыбы: Ауылшаруашылық жануарларының паразит бунақденелілері.
Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру: 1. Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау;
2. Ауылшаруашылық жануарларына қандай ауру тудыруы мүмкін?
3. Паразит бунақденелілермен күресу амалдары.
ТРИХОГРАММА (Trіchogramma), хальцидтер тұқымдасы, шаншар - жұмыртқа жегілер туысына жатады. Денесінің ұзындығы 0, 2 – 0, 9 мм. Жәндіктердің 6 отрядының 215 түрі паразитті тіршілік етеді. Көбелектер мен жарғақ қанаттылардың басты паразиттері. Трихограмманың ұрғашысы 25 – 150 жұмыртқаны басқа жәндіктердің жұмыртқаларына салады, дернәсілі сол иесінің жұмыртқасында дамып, оның өз жұмыртқасының дамуын тоқтатып тастайды. Трихограммалар кейде 90 – 100%- ға дейін өсімдік зиянкестерінің жұмыртқасын жояды. Трихограмма pallіda жапырақ ширатқыш көбелектерде, Трихограмма pіnі қарағай жібек көбелегінде паразитті тіршілік етеді. Трихограмманы өсіріп, мәдени дақылдардың зиянкестерімен күресу үшін пайдаланады.
Сона Жаздың шайдай ашық күндері сиыр табанының төңірегінде, жылқы айналасында ызыңдаған, өте ірі шыбын тәрізді соналар ұшып жүреді. Сонаның аналығы ауыз мүшелерімен үй жануарларының, адамның терісін тесіп, шыққан қан тамшысын тұмсығымен жалайды. Соналардың дернәсілдері ылғал топырақта немесе суда дамиды.
Бөгелек(оқыра). Үй жануарларын мазалайтын болғандықтан, бөгелектерді соналармен жиі шатастырады. Бірақ бөгелектер қоректену үшін емес, тек тері түктеріне жұмыртқа салу үшін емес, тек тері түктеріне жұмыртқа салу үшін ғана малды төңіректейді. Сиырды мазалайтын бөгелекті оқыра деп атайды. Оқыраның дернәсілдері жұмыртқадан шығысымен ірі қара терісінің астына тесіп кіреді. Олар терінің астында қыс бойы күшті қоректеніп, теріні жаралайды және өседі. Оқыралардың дернәсілдерінің паразиттік тіршілігі сиырдың сүтін кемітеді. Оқыра мал терісін бүлдіретін болғандықтан, терінің құнын түсіреді. Оқырамен күрес жүргізу үшін ауру малдың денесіне дернәсілдерді өлтіретін дәрі жібереді.

Нұсқаулық карта№3
Тақырыбы: Жыртқыш бунақденелілер.
Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру: 1. Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау;
2. Жыртқыш бунақденелілердің қандай пайдасы бар?

Дәуіт (лат. Manthoptera, Mantodea) – жыртқыш жәндіктер отрядының бірі. Жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі құбылып тұрады. Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында 20 - дай түрі, әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпуза жиі кездеседі. Дәуіттер шала түрленіп дамиды. Дәуіт түрлі ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Олар ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктермен қоректенетін болғандықтан пайдалы, бірақ кейбір түрі бал арасынан, пайдалы қоңыздарды жеп, зиян да келтіреді. Басы қозғалмалы аяқтары жақсы дамыған алдыңғы аяқтарында тікенектері бар, жайылған кезде ұстағыш аппарат айналады. Ауыз аппараты кеміргіш. Алдыңғы қанаттары жіңішке артқылары желдеткіш тәрізді бүктеледі. Дәуіт жыртқыш жәндіктермен қоректенеді, кейде ұсақ кесіртке құстармен. Түсі қорғанысты жасыл, сары - қоңыр; жазда өсімдіктің солуына байланысты түсін өзгертеді.
Инеліктер (Odonata) – жәндіктер класының бір отряды. Олар жыртқыш жәндіктер. Жер шарында кең тараған. Қанаттарының құрылысына қарай Инеліктер: теңқанаттылары, әр түрлі қанаттылар отряд тармақтарына бөлінеді. Инеліктердің 4500 - ден астам түрі белгілі. Қазақстанда 7 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ұзындығы 14 – 120 мм. Құрсақ бөлімі жіңішке әрі ұзын. Аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін алып жатады. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Ересек Инеліктер тұщы суқоймаларының маңында жиі кездеседі. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. Инеліктер – пайда келтіретін энтомофагтар. Дернәсілдері – балықтың, су құстарының қорегі.
Инелік, көрнекті инелік, шоқпарқарын инелік — жәндіктер класының, инеліктер отрядына жататын түр.
Қанқызқаттықанаттылар отрядына жататын жыртқыштар тұқымдасының аралас қоректі қоңыздарының бір түрі. Қанқыз жер шарында кең тараған; қорек таңдамайтын отряд тармағының қоңыздар тұқымдасы. Бұлардың 2 мыңдай түрі белгілі, ал Қазақстанда 120 - ға жуық түрі бар. Олар тек есейген кезеңінде ғана емес, дернәсіл кезеңінде де жыртқыштық тіршілік етеді. Қанқыз тамағы мол болғанда, өсімталдығы да жоғары болады. Жылына 1 – 3 рет ұрпақ береді. Өсімдік үстіне 200 – 400 - ден топтап, 1500 - ге дейін жұмыртқа салады. Қанқызының көптеген түрі пайдалы. Қолайлы жағдайда қанқыз саны тез өсіп, зиянды жәндіктерді жейді. Мысалы, жетідақты қанқыз бір тәулікте 80 - ге дейін алма битін жояды. Қанқыз өсімдік бітесі, сымыр, бүрге - шіркей, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене, т. б. ұсақ жәндіктерді жейді. Кейбір бақша қанқызы, картоп қанқызы, т. б. екпе өсімдіктерді жеп, зиян келтіреді. Оның қорегі – жас өсімдіктің сөлін соратын қарапайым кішкентай жәндік – өсімдік биті. Міне, қанқыз сол өсімдіктердің биттерін іздеп тауып, бірінен соң бірін жей береді. Тәбеті де жаман емес. Қанқыз күніне 200 - ге жуық өсімдік бетін жей алады. Ал енді оның личинкасы өзінен екі еседей қомағай болып келеді. Қанқыз есесіне пайдалы насеком болып есептеледі.
Нұсқаулық карта №4
Тақырыбы: Көбелектер мен баларалар.
Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру: 1. Қай отряд және осы топқа жататын бунақденелілер өкілдерін анықтау.
2. Осы бунақденелілердің пайда - зиянын анықтау.
Ара, үй арасы, бал арасы – жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) жұмысшы Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді.
Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.
• Қабыршақ қанаттылар отрядына жататын көп қоректі зиянды жәндіктер Тіршілік етулеріне, тамақтану жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т. б. дақылдарының мөлшерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің жұлдыз құрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Ересек жәндіктері жұмыртқалары сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3 - 4 рет ұрпақ береді. Жұлдызқұрттар топырақ деңгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жерүстілік түнгі көбелектер өсімдіктердің жапырағымен, сабақтарымен, генеративті мүшелерімен қоректенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні және басқада дақылдарды зақымдайды. Бұл топқа мынадай түрлері жатады: мақта, гамма, беде. Мақта көбелегінің қуыршағы топырақта қыстайды. Көбелек жұмыртқасын (1 - 3тен) жапырақтарға, шанақтарға және гүлдеріне салады. Мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп, жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы.
Жібек көбелегі толық түрленіп дамитын бунақдене. Олардың жұмыртқасынан дернәсіл шығады. Бұл дернәсіл тұт ағашының жапырағын қорек етеді. Дернәсіл қуыршаққа айналады. Қуыршақтың сыртын қаптайтын піллә ерекше жіптен жасалған. Табиғи жібекті өндіруде сол пілләні жоғары температурада булау арқылы жібек жібін алады, сол жібек жіптен жібек матасы алынады. Жібек матасы табиғи материал ретінде киім тігу мен қатар авиацияда мен жоғары технологиялы өндірістерде де қолданылады
Оқушылар топ болып жауап береді.
Сергіту сәті
Мұғалім: Балалар, сіздер жақсы жұмыс атқардыңдар. Ал енді қаншалықты тақырыпты меңгергендеріңді анықтау үшін зертханалық жұмысты орындаңыздар.

№6 зертханалық жұмыс
Бау - бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу және оларды ажырату .
Мақсаты: Бау - бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарап, зиянды бунақденелілерді зерттеп, оларды ажырата білуді үйрену.
Бекіту.
Сөзжұмбақ
1. Сүзек ауруын таратын өте ұсақ бунақдене. Бит
2. Толық түрленіп дамуда ғана болатын саты. Қуыршақ
3. Өте тез көбейетін бунақдене. Шыбын
4. Гүл шірнесін жинайтын бунақдене. Ара
5. Тазалық сақталмайтын үйде болатын бунақдене. Тарақан
6. Жыртқыш жәндіктер отрядының бірі. Дәуіт
7. Шала түрленіп дамитын бунақдене. Шегіртке
8. Бунақдененің жамылғысы. Хитинді
9. Бунақдененің дене бөлігі. Көкірек
Бағалау.
Үйге тапсырма: Аралар мен құмырсқалардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинау


Скачать


zharar.kz