Балықтың суреті

Скачать

Балықтар жүзеді
Бейнелеу өнері
Мақсаты: а) езілген бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету,
ә) қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
б) Балаларды бояумен жұмыс істеуге деген қызығушылығын және өз жұмысына деген қуаныш сезімін ояту;
Тіл түзету мақсаты: Дыбыстардың анық және дұрыс айтылуын қадағалау. Кезекші дыбыстармен жұмыс.
Сөздіктер: Су, балық.
Сабақтың көрнекілігі: Балықтың суреті. Түрлі - түсті бояу, қылқалам, қима қағаздар, аквариум.
Қажетті құрал - жабдықтар: әр балаға түрлі - түсті майлы қарындаштың көмегімен салынған балық бейнесі бар парақтар, көгілдір бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су.

Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Далада ауа - райы қандай?
- Тобымызда кім жоқ?

ІІ. Кезекші дыбыспен жұмыс.
Кезекші дыбыс А - О - У
ПА
ПО
ПУ
ПА, ПО, ПУ
1. Хормен айту
2. Жеке айту

Тақырыппен жұмыс
Балаларға қағаз бетіне салынған балықтың суретін көрсетемін.
- Мынау – аквариум, мұнда балықтар өмір сүреді.
Қызыл түсті,
Мөлдір сулы.
Сары түсті,
Тасты құмды.
Жасыл түсті балықтар,
Әйнек үйде қалықтар.
Ол не, балалар?
Ол балалар аквариум.
- Сендер балықты қайдан көрдіңдер?
- Балалар, бізде көптеген аквариумдар бар, сендер өздеріңе ұнаған аквариумды таңдап алып, оған судың суретін салыңдар. Ұнаған бояулармен қағаз бетін түгелімен бояйсыңдар.
Балаларға бояудың жолдарын көрсетемін.
Қылқаламды темір бөлінген ағаш бөлігіне дейінгі тұстан үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керек.
Қиналған балалардың қолдарынан ұстап бояуға көмектесемін.
Аквариумды бояу барысында балалардың балықтарға бояуды тигізбей, ұқыпты бояуын қадағалаймын.
Майлы қарындашпен салынған балықтар сол қалпында қалады.
Сергіту сәті.
Өзенге біз барайық,
Балық аулап алайық.
Ұстап алған балықты,
Аквариумға салайық.

- Балалар сендердің аквариумдарың өте әдемі болып, керемет жақсы шықты. Кімге сыйлағыларың келеді?
Балалар ойланды. Балалар өздерінің анасына, достарына сыйлыққа беретінін айтады.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: балалар қағазға бояуды қолдану арқылы қылқаламмен сурет салады;
Түсінеді: балықтың суда өмір сүретінін түсінеді. Аквариумдағы балыққа қамқорлық көрсетеді;
Қолданылады: қағазға салынған дайын балықтың бейнесін бояйды.

Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық
Мейірім арнайы түзету мектеп интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші Оспанова А. Д.


Скачать


zharar.kz