Сюжеттік – рольдік ойын: Емханада
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Дәрігердің қабылдауында
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын тереңдету. Сөз бен сөйлем мәдениетін меңгеру. Тілге деген қызығушылығы мен құрметің арттыру.
Сабақтың барысы: Балалар қазақ тілі бөлмесіне жайғасады.
Мұғалім: Балалар, сәлеметсіңдер ме!
Балалар: Сәлеметсіз бе, мұғалім
Мұғалім: Балалар қараңдаршы мына терезеге. Не байқадыңдар?
Балалар: Терезеден күннің көзі түсіп тұр.
Мұғалім: Балалар қане орнымыздан тұрып амандасып алайық.
Балалар: Әр тақпақ жолы іс - әрекеттермен қайталанады
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Асыл жер!
Армысың, ардақты достарым!
Мұғалім: Балалар орындарына отырыңдар. Осы кезде балалардың көңілін үсті жабылған үстел үстіне аударамын
Балалар, қараңдаршы мына жерге біреу дастархан жауып қойыпты. Не бар екенің көргілерің келе ме?
Балалар: Иә, Марзия Жакиевна.
Мұғалім: Ендеше біз бірінші Танысып алайық - ойының ойнайық. Мен бастаймын, сендер жалғастыруларын керек.
Балалар: Жарайды.
Мұғалім: Бірінші орындықта отырған балаға қарап
- Сенің атың кім?
- Тегің кім?
- Жасың нешеде?
- Қалың қалай?
- Қайда тұрасың?
- Сен кімсің?
- Әкеңнің аты кім?
- Анаңның аты кім?
Бала: Менің атым Саша
Менің тегім Байшакова
Жасым бесте
Қалым тамаша
Қарағанды қаласында тұрамын
Мен қыз бала.
Әкем аты Андрей
Анам аты Наташа
Осылай бір – бәріне сұрақ қойып жауап алып жалғастыра береді.
Мұғалім: Ой, балалар қандай тамаша, біз танысып алдық. Енді айтыңдаршы қандай мамандарды білесіңдер?
Ойын: Мен суреттен көрсетем, сендер аттарын атандар
Мақсаты: Балалар мамандар атың білу керек және әр мамандар иесінің не істейтінің қимылмен көрсетіп отырады.
Мұғалім: Ал, еді мен дастарханда ашып көрейін. Ашамын. Ой, мынау, сендер айтқан дәрігер үстелі ғой. Мына жерде хат жазылыпты. Дәрігер апайымыз – сендер дәрігер ойының ойнай аласыңдар ма? – депті.
Балалар: ойнай аламыз.
Мұғалім: Бәрін қазақ тілінде сөйлеу керек – депті. Қалай сөйлейміз бе? Дұрыс сөйлесеңдер, сендерді тосын сыйлық күтіп тұр дейді. Қалай тосын сыйлықты алғыларың келсе, ойнап көрейік.
Балалар: Ойнаймыз.
Мұғалім: Қане ендеше, бірін дәрігер, бірін науқас болыңдар.
Дәрігер өз бөлмесінде отырады. Есік қағылады
Науқас: Кіруге бола ма?
Дәрігер: Болады. Кіріңіз. Отырыңыз.
Науқас: кіреді Сәлеметсіз бе, дәрігер апай!
Дәрігер: Сәлеметсіз бе! Қай жеріңіз ауырады?
Науқас: Басым ауырып, қызуым көтеріліп тұр.
Дәрігер: Шешініңіз
Науқас: шешінеді
Дәрігер: Қане қысымыңызды өлшейін. Қызуыңызды өлшейін, Тамағыңызды қарайын.
Науқас: дәрігердің айтқаның бәрін істейді.
Дәрігер: Дем алыңыз, дем алмаңыз
Науқас: дем алады. Демін ішке тартады
Дәрігер: Киініңіз
Науқас: киінеді
Дәрігер: жазу жазады Мына дәрілерді алып ішіңіз. Екі күннен соң тағы келесіз.
Осылай 4 - 5 бала ойнап қайталайды.
Мұғалім: Балалар, сендерге рахмет, қараңдаршы мына жерде сандық пайда болды. – деп келесі үстел үстінен сандықты көрсетеді. Сандық ашылып ішінен балаларға бір – бір қаламнан таратылады.
Балалар, сендер үлкен болып өскенде кім боласыңдар?
Балалар: жауап айтады.
Мұғалім: Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз, мұғалім.