Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақыны

Скачать

(8, 9, 11 сынып оқушылары арасында өткен сыныптантыс шара жоспары)

Тіл өнер интеллектуалдық ойын
Мақсаты: 1 оқушылардың ана тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру;
2 тіл ата - бабамыздан қалған асыл қазына, байлығымыз екенін ұғындыру;
3 туған тілге, әдебиетке деген оң көзқарастарын қалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру;

Кештің жабдықталуы: слайд, сигнал беретін бұйымдар түрлі - түсті жалаушалар
Қатысатын сыныптар: 8, 9, 11
Қатысатын оқушылар:
І кезең Бәйге
ІІ кезең Тіл - өнер
ІІІ кезең Жеті жұмбақ
ІV кезең Жалғастыру
V кезең Жорға
І. Ұйымдастыру бөлімі
Қатысатын оқушыларды ортаға шақыру, таныстыру

1. Әлішер - 8 сынып оқушысы, тарих, қазақ тілі мен әдебиет пәндерін ұантады. Бос уақытында музыка тыңдайды. Шебер суретші. Сүйікті ақыны - М. Мақатаев.
Ұстанатын қағидасы - Алға, алға, тек алға

2. Салімжан - 8 сынып оқушысы, оқу екпіндісі, сүйікті пәндері - тарих, география. Бос уақытында компьютер ойындарын, спортпен шұғылдануды ұнатады.
Өмірлік ұстанымы - Дүниеге кірпіш болып қалану

3. Қайнар - 9 сынып оқушысы, сүйікті пәндері - тарих, география. Бос уақытында музыка тыңдағанды ұнатады.
Ұстанымы - Жығылсаң нардан жығыл

4. Айымгүл - 9 сынып оқушысы, қазақ тілі, әдебиет пәндерін ұнатады. Сүйікті ісі – өлең оқу, музыка тыңдау. Сүйікті ақыны – Мұқағали Мақатаев
Ұстанымы - Өткен іске өкінбе

5. Гүлназ - 11 сыныпта оқиды, сүйіп оқитын пәндері - қазақ тілі, әдебиет, тарих. Бос уақытында әдеби кітаптар оқиды, би билегенді ұнатады. Сүйікті ақындары - М. Мақатев,
Ф. Оңғарсынова. Ұстанымы - Сабақты ине сәтімен

6. Алихан - 11 сыныпта оқиды. География, тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерін ұнатады. Сүйікті ісі - әдеби кітаптар оқу. Сүйікті шығармасы - Махаббат, қызық мол жылдар .
Ұстанымы - Өмірдің өзі – күрес, бірде - жеңіс, бірде - жеңіліс .

І кезең
Бәйге

Бұл кезеңде 20 сұрақ беріледі. Білетін оқушы белгіні бірінші көтеріп, жауап беру керек.
1. Ғалымдардың көне түркі жазуларына берген атауы? руна жазуы
2. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр қай кітаптағы әңгіме? Қорқыт ата кітабы
3. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауы? шумақ
4. Қалқаман - Мамыр , Еңлік - Кебек поэмаларының авторы? Ш. Құдайбердиев
5. Әдеби тіл дегеніміз не? жалпыхалыққа бірдей, түсінікті, ортақ тіл
6. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар? 5651 тіл
7. Ш. Уәлиханов қай жылдары өмір сүрген? 1835 - 1865 жж.
8. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкері? Қорқыт
9. Абай Семейдегі Приходская школада қанша уақыт оқыған? 3 ай
10. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақыны? Т. Айбергенов
11. Тіл құралы , Әдебиет танытқыш еңбектерінің авторы? А. Байтұрсынов
12. Құлагер поэмасындағы Құлагердің жүйріктігін таныған адам? Күреңбай сыншы
13. Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті? Қырғыз
14. Қожа Ахмет Яссауи кітабы қалай аталады? Диуани Хикмет
15. Дағыстан халқының ақыны? Р. Ғамзатов
16. Ж. Жабаевтың 1941 жылы жарық көрген атақты өлеңі? Ленинградтық өренім
17. Абайдың соңғы туындылары? қара сөздері
18. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақын? М. Мақатаев
19. Сәт, Сәлмен М. Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері? Қараш - қараш оқиғасы
20. Ш. Айтматовтың Боранды бекет романында Найман ананы атқан адам? Мәңгүрт

ІІ кезең
Тіл - өнер

Мақал - мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен бір сөз жасырылады, сол сөзді тауып, оның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айту.
1. Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы білім - знание - knowledge
2. Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер қыз – девочка - girl
3. Ағаш көркі - жапырақ , адам көркі - шүберек жапырақ - листья - leaf
4. Су анасы — бұлақ, сөз анасы құлақ су - вода - water
5. Жігітті намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді қоян – заяц - hare
6. Көсем ел бастар, шешен сөз бастар сөз – слова - word
7. Елдің көркі – ерімен, отан көркі - жерімен Отан - Родина - Motherland
8. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас жол - дорога - road
9. Жаманның тілі ащы, көк мияның гүлі ащы гүл – цветок - flower
10. Жаңбыр жауса – жер ырысы, батыр туса – ел ырысы жаңбыр – дождь - rain
11. Еңбекпен ер өседі, егізбен төл өседі еңбек – труд - work
12. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас дос – друг - friend
13. Ғылымның шырағы – күн, адамның шырағы - білім күн – солнце - sun
14. Аға алдында пейіліңді көрсет, іні алдында мейіріміңді көрсет аға – брат - brother
15. Жаманға еткен жақсылығың жатқа кеткен малмен тең жаман – плохой - bad
16. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды үлкен – большой - big
17. Туған жердің ауасы да шипа жер – земля - land
18. Күш бірлікте емес, жүректе жүрек – сердце – heart
19. Қыстағы қар - жерге ырыс, жердегі ылғал - елге ырыс қар – снег - snow
20. Ата - балаға сыншы ата - дедушка - grandfather
(Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады)

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ихсанова Шолпан Куанышевна


Скачать


zharar.kz