Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
Мақсаты:
Кез келген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолданудың пайдасына тоқталу.
Оқу нәтижелері: мұғалімдерге оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру тәсілдері жөнінде мағлұмат беріп, бағыт сілтеу.
Түйінді идеялар: сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмалар беру.
Жаттығулар: семинар - тренинг түрінде
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, ауызша әңгімелесу, кеңес беру, ойға шабуыл.
Тренинг барысы: топқа бөлу, бейне көріністер, постер құру.
А) Ұйымдастыру кезеңі;
( берілген акуланың суреттері бойынша топтарға бөлу)
Кіріспе: Зерделеу
(топтарға суретті тарату)
• Суретте көрген нәрсені қағазға жазыңыз (1 - 1, 5 мин)
• Жазған қағаздарыңызды сағат тілі бойынша алмастырыңыздар.
• Қанша сөз жазса, сонша жұлдызша тарату.
• Сіздер жазған жануарлардың ішінде қайсысы суда өмір сүреді?
• Теңіз, мұхит суларында өмір сүретін тағы қандай жануарларды білесіңдер?
Ой қозғау:
• Ғаламтор желісінен акуланың суретін табу (тапсырма беру)
• Әр топ өз акуласына ассоциация жинайды.(соны оқып шығу)
• Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Лев Толстойдың Акула әңгімесі.
Мәтінмен жұмыс:
(мәтіннің 1 3 соңғы бөлігі қиып тастау)
• Әр топ әңгімені өз қиялымен аяқтап оқып береді.
• Соңынан коуч түпнұсқаны оқиды.
Сергіту сәті:
(топ мүшелері бір - біріне қарап, дельфин - акула - кит қимыл қозғалысын келтіру)
Шарты: дельфин - қайырымды, бірін - бірі құшақтайды, акула - бір - біріне теріс қарайды, кит - шалқаю.
Таным:
(әр топ ғаламтор желісі арқылы акула туралы мәлімет тауып, презентация - 3 бет, жасап қорғау )
Сұрақтар қою:
• Акуланың неше түрі бар?
• Акула немен қоректенеді?
• Лев Толстойдың Акула әңгімесіндегі оқиға қай жерде болған?
• Шомылып жүрген екі ұл неге ашық теңізге шығып кетті?
• Өңі боп - боз болып кетті дегенді қалай түсінесіңдер?
• Қарт артиреллисттің өңі неге боп - боз болып кетті?
• Зеңбіректен оқ атқан соң артиреллист неге бетін қолымен бүркеп отыра кетті?
• Әңгіме сендерге несімен ұнады?
Бес жолды өлең: (1, 3 бал)
Зат есім: акула
Сын есім (2)
Етістік (3)
Сөз тіркесі
Синоним:
Рефлексия. Үш М және Ә әдісі. Әр мұғалім коучинг бойынша ең маңызды үш мәселені, бір әрекетті айтып, кері байланыс жүргізеді.