Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
Абай Құнанбайұлы
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.
Төле би Әлібекұлы
Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.
Саиф Сараи
Ындыны таза - иманды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сенімсіз - иман жоқ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жұртым - ау, құдайыңды ойлаймысың?!
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз - қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.
Қожа Ахмет Йассауи
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.
Абай Құнанбайұлы