Әкем мен анама
Мейірімін сезінем
Әкем менен анамның.
Тек жақсыға үйірсек
Досжан атты баламын.
Үлгі тұтам сіздерді
Болашақты болжаймын.
Елдің даңқын асырам,
Ұрпақ ізін жалғаймын.
Күнделікте кіл "бестік",
Жақсы оқимын сабақты.
Қуантамын күн сайын
Ата-анамды ардақты.
Жақсыны тек үйренем,
Жамандықтан сақтанам.
"Досжаным" деп бұл менің
Әкем, анам мақтанар.
Болсам-дағы кішкентай,
Білем ақ пен қараны.
Өсіп келем күн сайын
Оқушы боп саналы.