Болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (слайдымен)
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, газеттер, слайд - суреттер, кітаптар көрмесі.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру.
ә) Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Елбасымыз биылғы дәстүрлі Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -
қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
Бір ел , бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
Бір тағдыр , бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.

Ардақ:
Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.

Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. 1997 жылғы жолданған Қазақстан – 2030 стратегиясының 16 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Ендігі біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.

(Әр бағытқа қысқаша тоқталып, таныстырып кетеді)
Ардақ:
Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейту
Гүлдана:
Екінші. Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшуін қамтамасыз ету
Толғанай:
Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру.
Жанерке:
Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуы.
Айнұр:
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.
Әзия:
Алтыншы. Болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер.
Айнұр:
Жетекші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру
(Әр бағыт бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.)
Зарина:
Елбасына
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Айнұр:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Нұрсұлтан:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Сабақты қорытындылау:
Айнұр - 2: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Айнұр - 1: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Нұрсұлтан: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Толғанай: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Ардақ: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Әзия: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді Мәңгілік Ел етуді мұрат қылдық.


Скачать


zharar.kz