Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де үйрендік

Скачать

Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де үйрендік. Енді жерде адам сияқты өмір сүруді үйренсек болды.
Бернард Шоу

Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.
Бауыржан Момышұлы

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанымша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болайын.
Мұхтар Әуезов

Әрбір тыныш ағып жатқан өзен шулы сарқырамалардан бастау алады. Ешқайсысы теңізге құяр сәтке дейін ойнап шуламайды. Бұл сабырлық әрдайым жасырын ұлы күштің сипаты.
Михаил Лермонтов

Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді
Александр Пушкин

Қанша тасып - тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды.
Қорқыт ата

Ешкісі семіз, қойы арық - мал сорлысы,
Топырағы сортаң, суы ащы — жер сорлысы,
Әйелі семіз, ері арық — ел сорлысы.
Сырым Датұлы

Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.
Майқы би

Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.
Қорқыт ата

Бір орында тұрған қойма суындай емес, ағып - тасып тұрған сарқырамадай бол.
Пауло Коэльо

Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі - ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
Ғабит Мүсірепов

Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.
Жүсіп Баласағұни
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
Мәриям Хакімжанова

Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.
Мұхтар Әуезов

Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан — тауып бермеген өледі.
Сырым Датұлы

Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян.
Құтып

Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.
Құтып

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.
Ыбырай Жақаев

Асқар тау сенде бір мін бар -
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар -
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар -
Басқаға сөз бермейсің!
Әйтеке би

Су секілді қозғал, айна сияқты шаттан, жаңғырық тәрізді жауап бер.
Брюс Ли

Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.
Лао – цзы

Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,
Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.
Асан қайғы


Скачать


zharar.kz