Қазақтың соңғы ханы кім

Скачать

НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ: Бірін - бірі тыңдай білуге, сыйластыққа, білімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға қандай да бір мақсатқа жету жолдары бар екенін түсінеді.
Білімділік: Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету. Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
Дамутышылық: Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту. Білімге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту және дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін еркін ұстай білуге, бірін - бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу. Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық бағдарлама негізінде.
АШЫЛУ СӘТІ:
Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, егемендігіміздің 22 жыл толуына байланысты өткізілетін мектепішілік Жұлдызды сәт атты интеллектуалды - танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 11 сынып оқушыларынан құралған екі топ. Барлығы екі топ. Батылдық - балалық шақта шыңдалады десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі.
Сайыскер топтар:
Ендігі кезек әділқазылар алқасы.
I. ЖОРҒА
II. ЖЕТІСТІК
III. ТҰЛҒАЛАР
IV. ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК
V. ҚАЗАҚСТАН
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымызды бастаймыз.
І. ЖОРҒА турында командаларға түрлі - түсті конверт ұсыналады, әр конверте 12 сұрақ бар. Жауап беруге бір минут уақыт беріледі. Әр жауап 10 баллдан есептеледі.
Көк конверт
№ Сұрақтар Жауаптары
1 Ток күшін өлшейтін құрал. Амперметр
2 Ең үлкен ғаламшар. Юпитер
3 Абылай ханның шын аты. Әбілмәнсүр
4 Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? Архимед күші
5 Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Рахымжан Қошқарбаев
6 Экватордың жалпы ұзындығы? 40 000 км.
7 Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? Омоним сөздер
8 “Тұманды Альбион ” атауы қай елге қатысты айтылады? Ұлыбритания
9 Қазақтың соңғы ханы кім? Кенесары
10 Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? Орынбор
11 Рәміздер қашан қабылданды? 1992 ж.
12 Қазақ ұлтынан бірінші рет КСРО халық әртісі атағын алған кім? Күләш Байсейтова
Қызыл конверт
№ Сұрақтар Жауаптары
1 Кернеуді өлшетін құрал. Вольтметр
2 Ең кіші ғаламшар. Плутон
3 “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан
4 Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? Ньютон
5 “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы Ильяс Есенберлин
6 Ең терең көл? Байкал
7 Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? Диалект сөздер
8 Спорт саласында пентакампеон сөзі қандай мағына береді? Бес дүркін сөздер
9 Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. Томирис
10 Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? Түркия
11 Екінші рет конституция елімізде қашан қабылданды? 1995 жыл 30 тамыз
12 Украинадағы конкурста Әлия әнімен 1 - ші орын алған қай әнші? Роза Рымбаева
ІІ. ЖЕТІСТІК турында Спорт , Мәдениет , Шартарап , Көршілер деген төрт тақырыпта 10, 20, 30, 40 ұпаймен өлшенетін 16 ұяшық жасырылған. Жауап беруге 30 секунд уақыт беріледі. Әдеттегідей командалардың ұпайы жоғарысы ұяшықтарды таңдайды.
Т 10 Қазақстан спортшылары Лондон олимпиадасында неше алтын, неше күміс, неше қола медаль ұтып алды және жалпы командалық есепте нешінші орын алды? Қазақстан спортшылары Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12 - орын алды.
20 2000 - шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралған, Қазақстанның ең жас олимпиада чемпионы. Б. Саттарханов
30 Қазақстанның футзал клубы. Клубтың негізі 1995 жылы қаланды. Еуропадағы ең мықты клубтардың бірі, УЕФА Футзал кубогының жартылай финалына соңғы алты маусымда төрт рет жеткен. 2012 - 13 маусымда өз тарихындағы ең үлкен жеңіс - УЕФА кубогының жеңімпазы атанды. Қайрат мини футбол клубы
40 Қазақстананың жалғыз Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Владимир Смирнов
Т 10 Видеосұрақ. Опера өнерінің дүлдүлі, КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), Социалистік Еңбек Ері (1986). Видеобейнеде кім? Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев
20 Аудиосұрақ. Қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операның" Қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші. Майра Мұхамедқызы (Еуропа сахнасында Майра Керей)
30 Тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Дәл осы алып театр сахнасынан Мемлекет басшысы 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан – 2050 стратегиясын жариялаған.
Жоба сәулетшісі Беджет Паколли. Астана опера театры
40 Қазақстан мен Франция бірлесе түсірген фильм. Фильм И. Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясының екінші кітабы бойынша сюжеттелген. Кинода шынайы тарихи оқиғалар мен Абылай ханның өмірі бейнеленген. Оскар кинопремиясына ұсынылған. Көшпенділер кинофильмі
П 10 Рио - де - Жанейро қаласындағы дүние жүзіндегі ең үлкен футбол стадионы. Сыйымдылығы кезінде 200 000 адам болған. 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық матчы мен 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өткізіледі. Маракана стадионы
20 Екі жолды темір жол тоннелі, ұзындығы 51 км., оның 39 км. Ла - Манш бұғазы су астымен өтеді. 1994 жылы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Евротоннель
30 АҚШ ғарышкері (астронавты). 1969 жылы 21 маусымда ай бетіне қадам басқан бірінші адам. Нил Олден Армстронг
40 ІІ дүниежүзілік соғыстың кезінде антигитлерлік коалицияға ұйтқы болған мемлекеттер КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасындағы бейбітшілікті қолдау мен нығайту мақсатында құрылған мемлекеттердің халықаралық ұйымы? Біріккен Ұлттар Ұйымы
10 Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи - мәдени мұражай. Санкт - Петербург қаласында 1764 ж. Екатерина ІІ - нің (көптеген көркем шығармаларды сатып алған) жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. Мұнда Батыс Еуропа өнері туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғ - лардағы француз және 18 ғ - дағы ағылшын кескіндемелері, т. б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. Бейнедегі мұражай?
Көмекші:
1. Әйгілі архитектура ансамбль құрамын Қысқы сарай толықтырады.
2. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы Тайқазан сақталып келді, ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт - кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды. Эрмитаж
20 Солтүстік Америкадағы ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франциямен болған одақтастыққа ескерткіші ретінде Францияның АҚШ - қа тартқан сыйлығы. Алып мүсінді жасау туралы ойды француз мүсіншісі Ф. А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью - Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол Әлемді сәулелендірген Азаттық деп аталуға тиіс деген ойға келген.
Қосымша:
1. Мүсіннің биіктігі 46. 5 м, тұғыры 46. 94 м, жалпы салмағы 225 т. Әйел мүсінінің басына 7 шабағы бар тәж кигізілген, оң қолына алау көтерген. Тәждегі шабақтар 7 теңіз бен 7 құрлыққа жарқырап төгілген сәулені білдіреді.
2. Ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда Нью - Йорктегі Бедлоу аралында ашылды. Азаттық мүсіні
30 Видеосұрақ. Notre Dame de Paris , Париж Құдай - Анасының шіркеуі
40 XV ғасырда салынған, аумағы 700 мың шаршы шақырымға Қытай астанасының орталығында орналасқан. Соңғы 5 жүзжылдықта Қытай басшылары тұруына арналған. Сарай жететін кешенде шамамен 1000 құрылыс нышандары бар. Әлемнің мәдени мұрасына енетін сарай қытай салтының бар көрінісін айғақтайды. Сарай атауы билеушінің рұқсатынсыз сарайға ешкімнің кіріп, шыға алмауымен түсіндіріледі. Бұл күні сарай үлкен мұражайға айналды. Сарай құрылысы Мин әулетінің ықпалымен басталған. Моңғол әулетінен кейін, барлық моңғол сарайлары қиратылып, жаңа билеушіге тұрақты жаңа мекен керек болды. Қытайдың басқа құрылыстары сияқты, сарай өзінің кең өлшемімен ерекшеленеді, оны тұрғызуға мыңдаған адам ат салысты. Құрылыс материалдары ретінде мәрмәр тақтайшалары, құнды ағаш, арнайы кірпіштер пайдаланылды. Жабық қала сақталып қалған әлемдегі ең ірі сарай. Ол 8 метрлі қабырға мен терең орлармен қоршалған. Қабырға ені шамамен 8 метрге дейін жетеді. Мұндай қоршау шабуылдарға тосқауыл болып, сарайға тірек болды. Сарай екіге бөлінген. Бірінші бөлікте барлық салтанатты рәсімдер өткізілсе, екінші бөлікте патша өз жанұясымен бірге тұрған. Жабық қала сыртында бау - бақша мен саябақтар бар. Сонымен қатар, патша әулетінің мүшеліріне арналған қабыр орналасқан. Кешен құрылысы мұқият жоспарланған, барлық пәлсафалық және діни қағидаларды сақтап, патша билігін бейнелейді. Мысалы, барлық шатырлар патша әулетінің түсі болып саналатын сары түске боялған. Кітапхана шатырындағы қара түс өрт қауіпсіздігін, ал мұрагер үйінің шатырындағы жасыл түс мансап өсуін бейнелейді. Сарай атауы? Жабық қала
ІІІ. ТҰЛҒАЛАР турында Ерлік , Қоғам , Сөз шебері Шешен деген үш тақырыпта 10, 20, 30 ұпаймен өлшенетін 9 ұяшық жасырылған. Жауап беруге 30 секунд уақыт беріледі. Әдеттегідей командалардың ұпайы жоғарысы ұяшықтарды таңдайды.
10 1730 - 33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт жекпе - жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Содан кейін қалмақтың қалың қолына атасының атын атап ұрандап, қарсы шабады. Қазақтар аруақтанып жауын жеңеді. Қалмақтың қас батырын жеңген кім? Абылай
20 Әке - шешесінен жастайынан айырылған ол Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
1942 жылы өз еркімен соғысқа аттанады. 1944 жылы Ленинград маңындағы елді мекенді азат етуге қатысады. Алдыңғы шепте ол: Отан үшін алға! – деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылады. Жаудың бораған оғыга қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.
Соғыс жылдары ірі - ірі шайқастарға қатысып, мергендігімен аты аты шығады. Ер жүрек мерген қыз жиырмаға да толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды. Әлия Молдағұлова
30 Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995) Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
10 Өзі туған халқына қызмет етуді несіп еткен тарлан тұлғалар аз болған жоқ, солардың бірі Орталық Азияның ірі саяси қайраткері – Тұрар Рысқұлов еді. Ол – Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның болашақ саяси және экономикалық тәуелсіздігінің негізін қалаған тарихи тұлғалардың бірі болды. Ол алдымен Түркістан Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, артынан Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесін басқарды. Орталық Азияның халық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету, өндірісті дамыту, оқу - ағарту ісі жолға қою, сауатсыздықты жою, халықтардың саяси - экономикалық және әлеуметтік құқығын теңестіру және тағы басқа орасан зор ауқымдағы шараларды іске асырды. РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне атқарған. Бұл – Кремльдің Қазақстанды жеке - дара билеп - төстеуге кіріскен Ф. И. Голощекинге қарсы тұра алатын саяси тұлғадан құтылу саясаты болатын. 1937 жылғы сталиндік үлкен террор кезінде халық жауы деген жаламен тұтқындалып, жазықсыз опат болды. Сталиндік зұлматтың жазықсыз құрбаны болған Тұрар Рысқұлов 1938 жылы ақпанда 43 жасқа енді ғана толған, нағыз ердің жасында еді. Халқына бергенінен берері көп, мемлекет қайраткері ретінде толық қалыптасқан кезі болатын. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе атты романында келбеті сомдалған. Тұрар Рысқұлов
20 Кеңестік кезең – біздің тұтас тари­хы­мыз­дың ажырамас бөлшегі. Көпшілігіміз сол кезеңде өмірге келдік, сол заманда өмір сүрдік. Сол тарихтың ауқымды бөлігі осы есімімен тікелей байланысты. Ол – өз заманының перзенті болған ірі тұлға, көрнекті қай­рат­кер. Жоғары қызметке келген уақыт аса күрделі, қайшылықтары көп кезең болғанын сіз бен біз жақсы білеміз. Со­ғыс­тан кейін мемлекет барлық күшті неміс басқыншылары қиратқан батыстағы қала­лар­ды қалпына келтіруге жұмсады. Қиырдағы Мәскеудің шешімінсіз респуб­ли­када бірде - бір өндіріс іске қосылмайтын еді. Сол уақытта Семей өңірі ядролық сы­нақ полигонына айналды. Ойланбай жа­салған қадамдардың кесірінен Арал теңізі жойылуға таяды. Ұлттардың мәдениетіне қайшы келетін солақай шешімдер қабыл­данды. Қазақ тілінде білім беретін мек­теп­тер жабылып, халық мұралары көмескі тарт­ты. Жоспарлы экономика салдарынан Қазақстан шикізат көзіне айналды. Тың игеру кезінде де қателіктер мен негізсіз қа­дамдар жасалды. Алайда осындай қиын­дықтарға қарамастан, ол елдің да­муына жағдай жасады. Республикада құ­рылыс, ауыл шаруашылығы салалары өркендей түсті. Елсіз жерлерде жаңа қала­лар мен елді мекендер сол кезеңдерде пайда болды. Сонымен қатар өнер мен мәдениеттің кеңінен қанат жаюына өлшеусіз үлес қосты. Алды кең, жаны жомарт, парасатты жанның өнер адам­да­рына қолдау көрсеткеніне мен өзім талай куә болғанмын. Өзінің туған қаласы Алматы үшін де көп жақсылық жасағанын білеміз. Бұл тұрғыдан алғанда, айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер деп санай­мын. Сондықтан біз оны Тәуел­сіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек. Тәуел­сіздікті бізбен қатар алған кейбір мемлекеттер бұрынғы тұлғаларға қойылған ескерткіштерді қиратып, тарихты қайта жа­зуға тырысты. Ал біз ондай қадамдарға бармадық. Әрқашан өткенге құрметпен қарап келдік, алдағы уақытта да құр­ме­тімізді арттыра түсетін боламыз, – деді Елбасы Н. Назарбаев. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
30 Біздің елде ядролық сынақтарға қарсы Невада – Семей халықаралық қозғалысы көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері бастамасымен 1989 жылдың ақпан айында құрылғаны белгілі. Құрылған беттен ядролық сынақтарды тоқтатуды талап еткен 2 миллионға жуық адамның қолын жинап үлгерген шын мәнісіндегі халықтық қозғалыс біздің еліміздегі нөмірі бірінші үкіметтік емес ұйым еді. Ал қазірде ондай үкіметтік емес ұйымдар саны қырық мыңның үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлының осы үкіметтік емес ұйымды, бүкіл халықтың қолдауына ие болған қозғалысты құрылған күнінен бастап күні бүгінге дейін қолдап, қамқорлық танытып келе жатқаны және шындық. Орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Невада – Семей халықаралық қозғалысының жетекшісі. Олжас Омарұлы Сүлейменов
10 - Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, бәз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткілі келгенбіз, қазақ, қалмақ баласын теліткелі келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалыы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!
Сөз авторы? Қазбек би
20 – Атымызды бердiк, әйелiмдi бердiк. Сәйгүлік те, әйел де табылады, соғыстан олжалаймыз. Бiрақ жер! Бұл жерде бiздiң ата - бабамыздың сүйегi жатыр, оны
беруге болмайды! Жер – мемлекеттiң тұтқасы! – деп орнынан атып тұрды да, артынша жердi беру керек дегендердi өлiмге бұйырды. 0сы сөздердің авторы? Мөде шаньюй
30 Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан сөзі
ІV. ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК турында мектеп бағдарламасына сай 7 пәннен сұрақтар қойылады. География , Биология , Химия , Тарих , Математика , Орыс тілі , Информатика пәндерінен екі сұрақтан болады, дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі, командалар тор көзді таңдап, жауап берген жағдайда сол ұпай беріледі.
География 10 Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбіндегі Қарақия ойысы, ал биік нүктесі хан Тәңірі шыңына сәйкес келеді.
Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша? Жауабы: 6995м+132м=7127м
20 Амазонка өзенінің су жинау алабы қанша шаршы километр және қандай географиялық атаулармен пара - пар келеді? 9 млн. шаршы километр, ол Сахара шөлі және Аустралия материгінің аудандарымен пара - пар келеді
Биология 10 Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің “Жануарлар” кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты? Халел Досмұхаммедов
20 Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? Цитоплазма
Химия 10 Түссіз, иіссіз, дәмсіз, оны сипаттау мүмкін емес, бірақ ол дүние жүзіндегі ең үлкен байлық. Бұл не туралы айтылып тұр? Су
20 Миллионер атанған элемент? Көміртек
Тарих 10 “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? Ахмет Байтұрсынов
20 С. Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу романында көрсетілген тақырып. 1916 жылғы көтеріліс.
Математика 10 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? 5 минут
20 Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан? 999
Орыс тілі 10 Что связывает Ф. И. Достоевского и Ч. Валиханова? Дружба
20 Он бывает русским и казахским, но не бывает американским и югославским. Он может довести куда угодно. Язык. Нет американского и югославского.
Информатика 10 Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? Билл Гейтс
20 Компьютерді ең алғаш шығарған фирма? Apple
V. ҚАЗАҚСТАН турында Табиғат , Сәулет , Білім , Өнер деген үш тақырыпта 10, 20, 30 ұпаймен өлшенетін 9 ұяшық жасырылған. Жауап беруге 30 секунд уақыт беріледі. Әдеттегідей командалардың ұпайы жоғарысы ұяшықтарды таңдайды.
10 Мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м - ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу - Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа (1996) енгізілген. Қазақ ежелден оның тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан.
Подсказка: Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген. Барыс
20 2002 жылы Нидерланды корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде Елбасы Н. Назарбаевқа сол елдің ханшайымы Беатрикс ханым осы гүл жайында ағынан жарылып, былай депті: Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай - ақ Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге осы гүлді әкелді. Бұл гүл осылайша Нидерландыға кең тарады. Гүл саудасында да ол ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде гүл нидерландықтардың нөмірі бірінші экспорттық тауары. Сол үшін де сіздің елге қарыздармыз . Грейг қызғалдағы
30 Таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік. 1952 жылы Жамбыл облысының Луговой асыл тұқымды зауытында Бакира есімді биеден туған. 1960 жылы өткен 27 Рим олимпиялық ойындарында КСРО құрама командасы атынан жарысқа қатысып (шабандоз С. Филатов), бас жүлдені жеңіп алды. 1964 жылы Токио олимпиясында командалық есеп бойынша күміс медальға ие болды. Сәйгүліктің әкесі Арабты 1945 - ші жылғы Жеңіс парадында маршал Жуков мініп шыққан. Абсент
10 Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған монумент сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін хамелеон әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Монумент Қазақстан жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады. Бәйтерек монументі
20 Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде тұрғызылған әсем ғимараттарымыздың бірі. Қазақстандағы ең үлкен діни орталық. Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын. Құрылысқа 6 840 000 АҚШ доллары жұмсалды. Мұсылман мәдениеті орталығының ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл - Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды. "Нұр - Астана" мешіт
30 Қазақстандағы ең үлкен, ал ағаш құрылыстан әлемде биіктігі бойынша екінші орында (бірінші – Голландиядағы ағаш сағат) тұрған ғимарат. Ол 1907 жылы құрылысшы - инженер А. П. Зенков қатысуымен ағаштан салынған. 2004 жылы ЮНЕСКО шіркеуді ерекше ғимарат болып табылатындығын және оны қайта қалпына келтіру туралы жобасын халық шығармашылығының атауға тұрарлықтай үлгісі екендігін жариялады. Алматы қаласы Әулие - Вознесенский шіркеуі
10 Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945 - 1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929 - 1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.)
20 қазақтың әйгілі әртісі, режиссер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. Оның Махаббат туралы аңыз (1953), Дала қызы (1954), Біздің сүйікті дәрігер (1958), Алдар Көсе (1965), Туған жер (1967), Атаманның ақыры (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914 - 1970)
30 қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”, 1977, бүкілодақтық 11 - кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті Асанәлі Әшімұлы - (1937 жылы туылған)
10 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қаулысымен тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Болашақ халықаралық стипендиясы
20 Ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану - математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.. Назарбаев Зияткерлік мектептері
30 Еліміздің ең ерекше оқу орны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. 2010 жылы есігі алғашқы студенттерге ашылды. Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми - зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру. Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір - түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді.


Скачать


zharar.kz